Әскерге барған сарбаз есінен адасып оралды

Талғат Айтмұхановты әскерге алдап әкеткен

Malim Админ

  • 20.05.2022

Төрт күн бұрын әскерге сап-сау аттанған сарбаз есінен адасып оралды.  19 жастағы ақтаулық Талғат Айтмұханов қазір ауруханада. Есін жоғалтқан ол туыстарын танымай, өзімен өзі күбірлеп жатыр.  «Сені ұрды ма?» деген сұраққа ол «арқамнан, мойнымнан тиді» деп қана жауап берген. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.    

Сарбаздың әкесі Мақсат Сәрсенбаев ұлының  әскерге қалай  кеткенін де білмей қалыпты. Оның сөзінше, жігітті елді мекеннің  әскери бөлімшесіндегілер «үш күннен кейін қайта келесің» деп алдап әкеткен. Бірақ темпсе темір үзетін жігіт  Қарақия ауданындағы әскери бөлімнен бір-ақ шыққан. 1-курс студенті оқуын да әлі бітірмеген.  

Т.Айтмұқановтың әкесі суыт хабарды кеше естіген. 

«Кеше сағат он бірде: «Балаң есін білмейді, тегін білмейді» деп телефонмен хабарласты. Кеше, 14-і күні әскерге кеткен бала. 11-мамыр күні үйден сағат 15:00 алып кеткен. Әскери комиссариат  келіп, екеуі екі жағынан өздері медтексеруден өткізіп, сол күні кешке алдап, алып кеткен. «Үш күннен Бейнеуге келесің» деген. Бірақ енді баланы танымай отырмын», дейді ол. 

Ес-түсін білмей қайтқан сарбазды ата-анасы келгенше әскерилер дәрігерлерге табыстаған. Алайда,  олар Талғаттың жағдайына қарамай,  «бәрі жақсы» деп алдаусыратып шығарып берген. Ұлының денсаулығы  алаңдатқан әке оны дәрігерлерге қайта тексертіп жатыр. «Туған-туысын танымаған баланы дәрігерлердің «сау» деп шығаруы күмәнді», - дейді М.Сәрсенбаев. Ал әскерилер болса сарбазды ешкімнің соққыға жықпағанын айтып,  ақталып бағуда.

25744 әскери бөлім командирінің орынбасары Жәнібек Кұранбеков Талғатты  медициналық тексеруден өтуге облыстық ауруханаға жеткізілді деп жауап берді.  Ол «тексеру нәтижесінде МРТ, мидың КТ және маманның кеңесі дене жарақаттары мен қауіпті патологиясы анықталған жоқ. Оған және туыстарына азаматтың басқа гарнизонға бармай-ақ, Ақтау қаласында қызмет өткеретіні мәлім болған. Бұдан кейін әскерге шақырылушы ретінде Айтмұханов Қарулы күштердің қатарында борышын өтеуге өтініш білдірді. Медициналық тексеруден өткенде денсаулығына ешқандай шағым болған жоқ», деп отыр.  

Әскери бөлімдегілер Талғат Айтмұхановтың әскерге сап-сау болып барғанын  растады. Бірақ оның  үш-төрт күннің ішінде  есінен адасқаны бәріне түсініксіз болып отыр. Қазір сарбаз психологтың тексерісінде. Оның ары қарай әскерге бару, бармауы  неғайбыл.    

  

Байланысты жаналықтар

Ақтауда жас қызды аяусыз ұрған ер адам ұсталды

21.11.2024

Ақтауда мектеп оқушысын қатарластары соққыға жыққан: ата-аналар кешірім сұрады

18.11.2024

Әке болайын деп жүрген жігіттер әскерден босатылады

14.11.2024

Қарулы күштер жаңа әскери формаға көшті

12.11.2024

Әскерде мүгедек болып қалған Ербаянға Түркияда ота жасалды

12.11.2024

Ақтау халықаралық әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр

03.11.2024
MalimBlocks
Ақтауда жас қызды аяусыз ұрған ер адам ұсталды

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақтауда мектеп оқушысын қатарластары соққыға жыққан: ата-аналар кешірім сұрады

5 қараша күні Ақтаудағы № 24 мектебінде оқушылар қатарласын ұрған болатын

Әке болайын деп жүрген жігіттер әскерден босатылады

Қарулы күштер жаңа әскери формаға көшті

Әскерде мүгедек болып қалған Ербаянға Түркияда ота жасалды

Ақтау халықаралық әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр

Оны әуежай растады