«Әуежайды басып алу ісі». Сотталушылар кінәсін мойындамады

Оларға ҰҚШҰ әскерінің келуіне жол бермес үшін тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылды

Malim Админ

  • 04.04.2023

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алуға қатысты және оның маңында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыпталған сотталушылар кінәсін мойындамады.

Сотта бес адамның, белсенділер Әйгерім Тілеужанова, Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев және Жанайдар Кәрменовтің ісі қаралды.

«Мен өзіме тағылған айыптарды мойындамаймын. Бұл айыптаумен келіспеймін. Өйткені, бұл адамдармен сотта ғана таныстым, - деді Әйгерім Тілеужанова.

Ал сотталушы Кәрменовтың адвокаты соттан «Қазаэронавигациядан» құжаттарды талап ету туралы өтініш білдірді. Қорғаушы тараптың айтуынша, айыптау дәлелдермен расталмаған. Сондықтан олар соттан деректі растау үшін әуежай аумағындағы ұшу-қону жолағының жарық-сигналдық жүйесін өшіру туралы жазба тіркелген «Қазаэронавигациядан» құжаттаманы, қызметтік журналды талап етуді сұрайды.     

Айта кетері, 4 наурызда прокурорлар айыптау актісін оқыды. Мемлекеттік айыптаушылардың айтуынша, Тілеужанова мен Нұрпейісов әуежай қызметін тоқтатып, ҰҚШҰ әскерінің келуіне жол бермеу үшін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған. Бұған қалған сотталушылар ықпал еткен. Әйгерім Тілеужановаға «Жаппай тәртіпсіздік» ұйымдастырды деген айып тағылса, Қалас Нұрпейісов пен Нұрлан Дәлібаевқа үш бап бойынша айып тағылды. Олар – «Жаппай тәртiпсiздiкке қатысу», «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)» және «Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу». Ал Ермұхамед Шилібаев пен Жанайдар Кәрменов «Жаппай тәртiпсiздiкке қатысу», «Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу» бабымен айыпталған.

Сот отырысы 2023 жылғы 11 сәуірде жалғасады, онда жәбірленуші тарап сөз сөйлейді.

Фото: Azattyq.org 

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды