Байден: Бетпе-бет кездескеніміз дұрыс болды

Женевада АҚШ президенті Джозефер БАЙДЕН мен Ресей басшысы Владимир ПУТИННІҢ кездесуі басталды. Бұл туралы Мalim.kz kremlin.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қос президент Женевадағы ла Гранж вилласында кітапханада кедесті. Келіссөзге бірінші болып Владимир ПУТИН келді. Араға 12 минут салып Джо Байден жетті.
«Президент мырза! Осы кездесуге бастамашы болғаныңыз үшін алғыс білдіргім келеді. Білемін, көп жұмысыңыз болды. Ұзақ жолды жүріп өттіңіз. Дегенменен ресей-америка қарым-қатынасында жоғарғы деңгейде талқылайтын көптеген мәселелер бар. Бүгінгі кезедсу пайдалы болады деп ойлаймын», - деді Владимир ВЛАДИМИРҰЛЫ.
Сондай-ақ, кездесуде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони БЛИНКЕН мен РФ сыртқы істер министрі Сергей ЛАВРОВ болды.
«Рақмет. Бұған дейін айтқанымда кез-келген кездесу бетпе-бет жолыққанда пайдалы. Ортақ мәселер мен қандай бағытта бірге жұмыс істей алатынымызды анықтауға тырысып көрмекпіз. Көзқарасымыз қайшы келетін тұстарды талқылап көрейік», - деді өз кезегінде АҚШ президенті.
Екі президент стратегиялық тұрақтылық және COVID-19 қарсы күрес жайлы сөйлеспек. Сонымен қатар, Қиыр Шығыс, Украина, Таулы Қарабақтағы қақтығыстар туралы да әңгіме болмақ.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс атқарды?
Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады. Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу мәртебелі оқырман құзырында.
Тайны дела Бишимбаева
В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.