«Байтақ» мәжіліске 23 адам ұсынбақ

  • 03.03.2023

Фото: elorda.info

Өздерін жасылдар деп атайтын «Байтақ» партиясы сайлауалды съезін өткізді. Былтыр ғана құрылған партия биылғы ҚР Парламенті мәжілісі сайлауына 23 адам ұсынбақ.

Осы 23 адамдық тізім ұсынылғанда партияластар арасында аздаған дау да туып қалды. Оның себебі – бұрын партиялық тізім бойынша мәжіліске баруы мүмкін делінген атыраулық партия мүшесі Марал Көшенов өзін тізімнен таппай, наразылық білдірген. Оның орнына басқа бір адам кіріп кеткен.

Партия төрағасы Азаматхан Әміртай бұл мәселеге қатысты партияның өңірлік филиалдарын айыптайды. Оның айтуынша, олар дер кезінде тізім өткізбей, құжаттарын кешіктірген. Әрине, «Байтақтың» қанша пайыз дауыс алатыны әлі белгісіз.

Айта кету керек, Парламент мәжілісі депутаттарын сайлау 19 наурыз күні өтеді. Оған өзін өзі ұсыну бойынша және партиялық тізім бойынша үміткерлер қатысады.

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025
MalimBlocks