Баталовтың шенділері шетінен ұсталып жатыр

Malim Админ

  • 21.07.2021

Алматы облысында 90 миллион теңге «откат» алмақ болған шенді істі болып, ұсталды.  Алматы облысының жемқорлықпен күрес қызметінің телеграм арнасында облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасының басшысының үстінен «33,5 мың доллар пара алды» деген күдікпен тергеу басталғаны жөнінде ақпарат жарияланды.

«Басқарма басшысы ЖШС жетекшісінен "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өткізілген мемлекеттік сатып алулар конкурсында жеңімпаз деп танып, орындалған жұмыстардың көлемін одан әрі кедергісіз қабылдау үшін жалпы соммасы 666 млн теңгелік келісімшарттың 15 пайызын (90 миллион теңге) "откат" ретінде алуға уағдаласқан. Осы қаржының 33,5 мың доллар соммасын пара алды деген күдікке ілінген», - делінген жарияланған мәлімдемеде.

Ratel.kz порталының журналистері кәсіпкерлік және индустриялды-иновациялық даму бөліміне барып, ведомства басшысы Темірлан Разбековпен кездеспек болған. Бірақ кездесе алмаған. Разбековтың орынбасары Алмат Бакиров қазір оның қайда екенін білмейтінін айтқан.

Бұған дейін осыған ұқсас жағдайда Алматы облысы білім басқармасының экс-басшысы Майгүл Омарова ұсталған. Ол кезде де бастапқыда басқарма қызметкерлері журналистерге басшыларының қайда екенін білмейтіндерін айтқан. Бірақ кейіннен оның 37 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталғаны белгілі болған.

Бұдан бөлек, 2021 жылдың ақпан айында Алматы облысы Талғар ауданының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешов 10 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған. Амандық Баталов Серікжан Ерекешовті аудан әкімі ғып тағайындар кезде «сенімді кадр» деп қатты мақтаған да болатын.

Жыл басынан бері Алматы облысының шенділері "пара алды" деген күдікпен ұсталу жағынан алдына жан салмай тұр. Бұл облыстық жемқорлықпен күрес қызметінің жұмысты қатты істеп жатқанының көрінісі ме, жоқ әлде аймақ басшысы Амандық Баталовтың кадр таңдаудағы қателіктерінің салдары ма?  

Байланысты жаналықтар

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

29.04.2025

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

15.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025
MalimBlocks
ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған

Алматы облысында жер сілкінді

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

Оқиғаны видеоға түсірген жасөспірімнің де заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады