Бес министр отставкаға кете ме?

Malim Админ

  • 29.01.2021

Сайлаудан кейін де сол қалпында қалып қойған министрлер кабинетінде кадрлық өзгерісті Алик ШПЕКБАЕВ жасай ма? Заңға сәйкес бес вице-министрдің қылмысы дәлелденсе басшылары отставкаға кетулері тиіс.

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бес вице-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Және былтырғы жылы қанша шенеунікті абақтыға қамағаны жайлы мәлімдеді.  2020 жылы түрлі дәрежедегі 210 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.

«722 адам сотталды, оның ішінде бір облыс әкімі, төрт облыс әкімінің орынбасары, екі жауапты хатшы, екі комитет төрағасы, бір елші, бес судья, 10 аудан әкімі мен олардың орынбасары бар. Бес вице-министрге, бес комитет төрағасы мен олардың орынбасарына, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың бес топ-менеджеріне қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр», - деді Шпекбаев алқа отырысында. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы "өткен жылы 25 аса ауыр және 1368 ауыр қылмыстың, сондай-ақ жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 112 фактісінің жолы кесілді. Сотта Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша төрт іс қаралады" деді.

Фото: akorda.kz

Байланысты жаналықтар

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

28.12.2022

Амнистия: Талғат Ермегияев пен жемқорлар түрмеден ерте босап шыға ма?

02.02.2021

Білім мен ғылым жолы – адал жол

13.11.2020

«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?

11.11.2020

Жемқор шенеуніктерге білезік тағады

21.09.2020

Аймағамбетов "жемқорлықпен ұсталған" орынбасары туралы айтты

27.08.2020
MalimBlocks
Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...

Амнистия: Талғат Ермегияев пен жемқорлар түрмеден ерте босап шыға ма?

Білім мен ғылым жолы – адал жол

«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?

Жемқор шенеуніктерге білезік тағады

Аймағамбетов "жемқорлықпен ұсталған" орынбасары туралы айтты