457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бір жылда жаңа партияны тіркеу бойынша  17 өтініш түскен

Бірақ партияларды тіркеу бойынша шешім әлі қабылданбаған.

ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова 2023-2024 жылдары жаңа партияны тіркеу бойынша  17 өтініш түскен айтты.

Бүгін Сенат кулуарында журналистер вице-министрден  партия ретінде тіркеуден өте алмай жатқандар туралы сұрады.

«2023-24 жылдары әртүрлі топтан тіркеуге 17 өтініш түсті. Бірақ шешім әлі қабылданбады. Олардың әрқайсысы туралы мен қазір жауап бере алмаймын. Нақты айта алатын жалғыз нәрсе - партияларды тіркеуден бас тартудың негізгі себептерінің қатарында рәсімдеу шарттарының сақталмауы, тұлғалар тізімі», - деп жауап берді вице-министр.

Сондай-ақ, жаңа «Yntymaq» партиясын қашан тіркеуге болады деген сұраққа:

«Министрлікке түрлі бастамашыл топтардан ұсыныстар түсіп отырады. Yntymaq партиясын тіркеуге қатысты тиісті рұқсат берілді. Қазір тіркеуге тікелей тапсыру үшін құжаттарын дайындап жатыр», - деп жауап берді Жақселекова.

 

Фото: Ашық дереккөзден