Болат Әбілов полицияға шақырылды

Айшолпан КЕРІМ

  • 02.03.2022

Танымал саясаткер әрі кәсіпкер Болат Әбілов бүгін полицияға шақырылды. Бұл туралы Әбілов КазТАГ тілшісіне хабарлаған.

“Таңертең сағат 9:00-де әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне шақырту қағазы келді”, - дейді ол.

Әбіловтің сөзінше, полиция оны қаңтар құрбандарын еске алу мақсатында рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды деп айыптап отыр. 

Еске сала кетейік, 13 ақпан күні Алматыда қаңтар қырғынында қаза тапқандарды еске алу митингі өткен болатын. Митингіге түрлі саяси күштер, белсенділер мен жүздеген қала тұрғыны қатысты. Жиналғандар Қаңтар оқиғасын тәуелсіз зерттеп, қамауда отырғандарды азаптауды тоқтатуды, жазықсыз ұсталғандарды босатуды талап етті.

Бұған дейін аталған митингіні ұйымдастырды деген айыппен полицияға белсенді Жанболат Мамай да шақыртылған болатын.

Сондай-ақ, дәл осы айыппен полиция бөлімшесіне митингінің тағы бір қатысушысы Марат Тұрымбетовтің ұсталғаны және белсенді Әйгерім Тілеужанованың полицияға шақырылғаны белгілі болды.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады