«Бұл менің жеке шаруам» – М.Тайжан жер мәселесіне қатысты ақша алғанын айтты

  • 25.02.2023

Мұхтар Тайжан Жер комиссиясындағы жұмысы үшін ақша алғанын айтты. HARDtalk бағдарламасына берген сұхбатында ол депутат болуға ұмтылу мақсатын айта келіп, өзі жиі көтеріп жүрген жер мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Бағдарлама жүргізушісі Ерболат Мұхамеджан Мұхтар Тайжаннан “жұмысыңыз үшін  қаражат алдыңыз ба?» - деп сұрады.

"Мен халықтың мүддесін қорғаймын деп қорғадым. Ал қалған бизнесмендер мен қандай шартқа барамын ол менің өз шаруам. Мен ол кезде бизнесменмін, жеке тұлғамын. Ол кезде менде тағы келісімшарттар болды. Мен оны айтуға міндетті емеспін", - деді Тайжан.

Жүргізуші "алдыңыз ба, нақты жауап беріңізші?" деп нақтылайды. Тайжан жер мәселесіне қатысты ақша табу, таппауды өзінің жеке шаруасы есептейтінін, негізгі сұрақты шенеунік бола тұра неге сонша жері бар деп, басқаларға қою керегін айтып, жауап берді.

"Алдым, өйткені ол менің қоғамдық жұмысыма кедергі немесе қайшы емес. Ол менің жеке шаруам", - деп жауап берді Мұхтар Тайжан.

Еске сала кетейік, Мұхтар Тайжан Алматы қаласынан Парламент Мәжілісіне депутат болуға үміткер ретінде тіркелді.

 

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев елордадағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

17.10.2024

Президент Astana Think Tank форумына қатысты

17.10.2024

Президент Тоқаев Ресей-Украина соғысы жайлы айтты

17.10.2024

Олжас Бектенов Исламабадта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысты

16.10.2024

Қазақстан БРИКС құрамына кіре ме? Президенттің баспасөз хатшысы жауап берді

16.10.2024

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне бірқатар тапсырма берді

14.10.2024
MalimBlocks
Тоқаев елордадағы жаңа өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты

Президент Astana Think Tank форумына қатысты

Адамзат сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр

Президент Тоқаев Ресей-Украина соғысы жайлы айтты

Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық

Олжас Бектенов Исламабадта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кеңесінің 23-ші отырысында биыл шілдеде Астанада өткен саммит аясында мемлекеттер басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға назар аударылды.

Қазақстан БРИКС құрамына кіре ме? Президенттің баспасөз хатшысы жауап берді

Қазан қаласында 23-24 қазанда БРИКС саммиті өтеді

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне бірқатар тапсырма берді