Бұлаққа талас: қырғыз бен өзбек қақтығысып жатыр

Алмас НҮСІП

  • 01.06.2020

Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан шекарасында екі ел азаматтары арасында қақтығыс болып, бірнеше үй өртеніп, біраз адам жараланған. Бұл туралы Азаттық Радиосының Қырғыз қызметіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Қақтығыс 31 мамыр күні Қырғызстанның Баткен облысы мен Өзбекстанның Сох ауданының шектескен жерінде болған. Тұрғындар бір біріне тас атқан.

Әзірге екі елдің жауапты органдары да жағдайдың бақылауға алынғанын, тұрақталғанын хабарлады.

Жанжал түс уақытында басталып, жедел жәрдем мен полиция араласқанмен, кеш батқанша жалғасқан. Қырғыздың Чечме ауылының тұрғындары мен Өзбекстанның Чашма ауылының тұрғындары жыл сайынғы дәстүрмен Чечме бұлағын бірлесе тазалау кезінде бұл бұлақтың кімге тиесілі екенін айтып, содан дау қыза келе, соңы жанжалға ұласыпты.

Бұл бұлақ екі жаққа да ортақ, бірге пайдаланады. Бұған дейін де бірігіп тазалап жүрген. Бұдан бұрын да осы бұлақ үшін біраз жанжал болыпты.

Қазір екі жақты келісіммен, жағдайды тұрақтандыру, қайта болдырмау үшін келісім жасалып, жағдайды бірге бақылауға уағдаласты. Қырғыз Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі келісімсөздер бүгін де жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Қақтығыс басталған сәттен бастап ҚР үкіметі қауіпсіздік шараларын күшейтіп, шиеленіскен жағдайды шешу және ушықтармау үшін жағдайды бақылауға алды, жергілікті басқарушы органдар мен құқыққорғау органдарына тиіс ті тапсырма берілді. Екі жақ 1 маусым күні де келісімсөздер жүргізуді жалғастырады», - делінген ҚР үкіметі таратқан хабарламада.

Қазіргі мәліметке сәйкес, Қырғыз жағынан 15; Өзбекстан жағынан 16 адам жараланған. Олардың аяқтары, қолдары сынып, бастары жарылған.

Айта кету керек, қырғыз-өзбек азаматтары арасында бұған дейін де бірнеше рет түрлі көлемдегі қақтығыстар болған. ҚР үкіметі екі арадағы даудың туындауына екі ел арасындағы шекараның толық делимитация жасалмауы, жерді пайдалануда даулы мәселелерді бар екені себеп болғанын да айтты.

Байланысты жаналықтар

Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

30.04.2025

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

14.04.2025

Тоқаев Өзбекстанға барды

04.04.2025

Тоқаев қазақ-өзбек ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті

03.04.2025

Тоқаев Еуропа одағының басшылығымен кездесті

03.04.2025

Тоқаев Самарқанд қаласына барды

03.04.2025
MalimBlocks
Әскер рейтингі: Өзбекстан Қазақстанды басып озды

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

Әлеуметтік желіде оны батыр деп жатқандар бар.

Тоқаев Өзбекстанға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға барды

Тоқаев қазақ-өзбек ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті

Тоқаев Еуропа одағының басшылығымен кездесті

Тоқаев Самарқанд қаласына барды

Ол «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысады