Цифрлық даму министрі Мәдиев Дуровқа қатысты пікір білдірді

Telegram-ның бас директоры ауыр қылмыстарға қатысы бар деп айыпталып отыр

Malim Админ

  • 26.08.2024

Француз билігі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы және бас директоры Павел Дуровты тұтқындап, бүгін қамау ұстау мерзімін ұзартты. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дуров Францияда іздеу жарияланғандар тізіміне енгізілген. Ол бұл елге Әзербайжаннан келген. Онымен бірге оққағар және белгісіз әйел болды. Дуров Telegram-дағы контентті модерациялаудан бас тартқаны үшін ауыр қылмыстарға қатысы бар деп айыпталып отыр.  Дуровтың қамауға алынуына қатысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пікір білдірді.


Ол  Telegram басшысына және командасына соңғы оқиғаларға байланысты қолдау көрсететінін мәлімдеді.

«ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі атынан Telegram командасымен өзара әрекеттесудің оң тәжірибесі қалыптасқанын атап өткім келеді. Біз дербес деректердің таралуын, есірткі трафигімен күрес және мессенджердегі басқа да заңсыз әрекеттерді тоқтату бойынша мәселелерді бірнеше рет сәтті әрі жедел шештік. Telegram командасы әрдайым азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастыққа дайын, құпиялылық пен сөз бостандығын қорғау қағидаттарына адал болып келеді.

Қазақстанда Telegram – ең танымал мессенджер, оны 12 миллионнан астам адам пайдаланады, бұл оның қоғамымыз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Біз цифрлық кеңістікте қауіпсіздік пен еркіндік арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығын түсінеміз және Telegram-мен конструктивті ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз», - деді Мәдиев.

Министр Павелдің командасына балалардың дамуына шын көңілмен қызығушылық танытып, жанашырлық танытқаны үшін ризашылық білдіретінін,  аталған жағдайдың тезірек шешілуіне үміттенетінін жеткізді. 

Фото: Sputnik / С.Имангалиев 

Байланысты жаналықтар

TikTok-та жер сілкінісін болжаған астролог қамауға алынды

27.04.2025

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

24.04.2025

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

23.04.2025

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Черногорияда «НеМолчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Тансари ұсталды

14.04.2025

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

10.04.2025
MalimBlocks
TikTok-та жер сілкінісін болжаған астролог қамауға алынды

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

Қызылорда облысы Шиелі ауданында балтамен әйелін бірнеше рет ұрып, саусақтарын шапқан мектеп мұғалімі қамауға алынды

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Черногорияда «НеМолчи.kz» қорының негізін қалаушы Дина Тансари ұсталды

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады