Демократиялық партия Конституцияның жаңа нұсқасын ұсынды

Malim Админ

  • 17.06.2021

Тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясы Конституцияның жаңа нұсқасын ұсынды.

Алматы қаласында өткен баспасөз мәслихатында ҚДП ұсынған Конституция нұсқасын ұйым жетекшісі Жанболат Мамай мен Төлеген Жүкеев таныстырды. Құжат 11 бөлімнен және 138 баптан тұрады.

Ұсынылған Конституцияның «бір адам президент ретінде екі рет сайлана алмайды, бір рет бес жылға сайланады, ел астанасының атын Нұр-Сұлтаннан Алашордаға өзгету, мемлекеттік тіл ретінде тек қазақ тілін қолдану, Қазақстан қандай да бір конфедеративтік квазимемлекеттік құрылымдарға мүше бола алмайды, Қазақстан аумағында шетел әскерін орналастыруға толық тыйым салынады, екі палаталы парламенттің орнына бір палаталы 120 адамнан құралған Ұлттық құрылтай құру және оның өкілетін президенттен жоғары ету» сияқты баптары бар.

Жанболат Мамайдың сөзінше, Ата заңды әзірлеу кезінде дамыған елдер мен халықаралық нормалар негізге алынған.

"1995 жылы қабылданған қазіргі Конституцияны Назарбаевтың қойын дәптеріне теңейтіндер көп. Өйткені кез келген уақытта қалтасынан суырып алып, оған өзгерістер енгізіп, өзіне қажетті мәселелерді кіргізіп отырғаны белгілі. Сондықтан Демократиялық партия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын ұсынып отыр", - деді Мамай.

Қазақстанның қазіргі Конституциясы 1995 жылы бүкіл халықтық референдуммен қабылданған. Сол кезде 95 баптан тұратын елдің басты заңы қазір 98 бап болды. Осы уақытқа дейін Конституциясының 64 бабына парламент арқылы барлығы бес рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Люксембург премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

30.04.2025

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

30.04.2025

Тоқаев Тілеухан Қабдрахмановті марапаттады

30.04.2025

Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

29.04.2025

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025

«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

27.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Люксембург премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Тоқаев Тілеухан Қабдрахмановті марапаттады

Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті