«Депутаттар сауал жолдап қойып отырады» – Өмірәлі Жалаири

Заң ғылымдарының докторы депутаттардың жұмыс істеу тәсілін - қағазбастылық деп атады. Егер аты өзгерген "Аманат" алдымен осыған мән бермесе, онда, ештеңе өзгермейді.

  • 02.03.2022

Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының ректоры, заң ғылымдарының докторы, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы Өмірәлі Жалаири «Amanat» партиясы өкілдері әуелі кімнің аманатын орындайтындарын түсініп алуы керек дейді.

«Кеше Президент «Amanat» партиясының Мәжіліс пен мәслихаттардағы өкілдерін депуттатық сауалдармен шектелмей, белсенді әрекет етуге үндеді. Сол кезде менің есіме өзімнің Алматы қалалық партия комитетінде депутат болған кезім есіме түсті. Біздің №70 округ дейтін сол кездегі ҚазМУ қалашығы жақта жауапты аймағымыз болды. Сондағы мәселелер шешімін таппай жатса, қалалық телевидениені шақырып, атқарушы комитет өкілдерін сол жерге алдырып, мәселені оқиға орнында талқылайтынбыз. Одан нәтиже болмаса, халықтың атынан атқарушы комитет басшыларына кіретінбіз. Ал қазір депутаттар сауал жолдап қойып отырады. Оған министрлер де жауап жолдап шектеледі. Одан ешқандай пайда жоқ. Жалпақ тілмен айтсақ, пысқырмайды да. Заң бойынша депутаттық мандат оларға әр мәселенің түбіне жетуге мүмкіндік береді. Соны пайдаланбай отыр. Президенттің белсенді болыңыздар дегені осы мағынада айтылып отыр деп есептеймін», - дейді ғалым.

Жалаири қазіргі депутаттарды да сынға алды. Оның айтуынша, депутаттардың сайлаушылармен кездесуі формалды қалыпқа түсіп алған.

«Қазір депутатымыз да, басқамыз да бүкіл жұмысты қағаз жүзінде істейтін болып алдық. Ал елдің ішіне барып, нақты проблеманы бетпе-бет зерттеу өте сирек кездеседі. Мысалы өзі шыққан ауылда интернет жоқ дейік. Депутат сондай проблеманың бар екенін бірінші өз аяғымен барып, көз жеткізуі керек. Содан кейін проблема шешілгенше елді мекендерді интернетпен қамтуға жауапты «Қазақтелеком» сияқты монополистердің табалдырығын тоздыруы керек. Мәслихат депутатттары да жергілікті әкімдердің шешімдерін бірауыздан мақұлдау үшін құрылған институт болып кетті. Жалпы олардың құзыретін көтеру керек. Яғни, «Amanat» өкілдері әуелі кімнің аманатын орындайтындарын түсініп алуы керек. Қазір олар әкімдерге тым кіріптар. Негізі мәслихат әкімдерден есеп алып отыруы керек. Ал бізде керісінше. Ол кіріптарлықтан құтқару үшін Мәжілістің де, мәслихаттардың да 50 пайыз құрамы мажоритарлық жүйемен сайлануы керек. Әйтпесе жергілікті әкімдер өңшең бас шұлғып, мақұлдағыш адамдарды іріктеп, бас көтерер белсенділердің бәрін партияның маңайына жолатпайды. Тіпті праймериздің өзі көп жерде осындай қағидатпен өткенін уақыт көрсетіп отыр», - дейді.

Кешелі бері қоғамда партияның аты ауысқанмен, оның жұмысында өзгеріс болмаса бәрі бекер деген пікірлер көп айтылып жатыр. Заңгер осыған байланысты «Amanat» партиясы қоғамның дамуына әсер ететін қозғаушы күшке айналуы үшін заңдағы мүмкіндіктерін ел мүддесіне сай пайдаланауы қажет дейді.

«Amanat» деген ат алған партия өз мойындарына үлкен міндет жүктеп отыр негізі. Соны абыроймен атқару үшін халықтың мүддесіне сай болуы керек. Ол үшін Мәжіліс пен мәслихат құрамының кемінде жартысын тікелей халық сайлауы керек. Мәслихаттың құзыретін көтеру керек дедім ғой. Негізі заңда оған қажетті ереженің бәрі бар. Тек іс жүзінде орындалуы керек. Мысалы, өткенде Алматы қаласына жаңа әкім тағайындалған кезде Президенттің ұсынысын қалалық мәслихат депуттары бірауыздан қолдады. Ал халықтың ішінде қарсы болғандар бар екенін көрдік. Тіпті петиция да жариялады. Яғни жергілікті мәслихат халықтың қалауын білмейді немесе санасқысы келмейді. Әйтпесе қалалық мәслихат депутаттарының ішінен де ол кандидатурға халық атынан наразылық білдіретін бір адам шығуы керек еді ғой. Олай болмады. Қағазда әдемі жазылған заңдар өмірде де әдемі қалпында орындалуы керек. Сонда депутаттардың, партияның жұмысы нәтижелі болады деп ойлаймын», - дейді заңгер ғалым.

Байланысты жаналықтар

Шольц: Украинаға көмекті көбейтеміз

02.12.2024

Үкімет инфляцияны тежеу шараларын жалғастырады

02.12.2024

Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады

02.12.2024

SIPRI: Дүние жүзінде қару-жарақ сату өсті, Ресей де қалысар емес

02.12.2024

Қытай АҚШ-тан Тайваньға қару-жарақ сатқаны үшін кек аламыз деп қорқытты

02.12.2024

Кошта: Украинаның ЕО-ға кіруіне көмектесеміз

02.12.2024
MalimBlocks
Шольц: Украинаға көмекті көбейтеміз

Германия Украинаға «Леопард» танкілері мен IRIS-T әуе қорғаныс жүйелерін және соғыс дрондарын береді

Үкімет инфляцияны тежеу шараларын жалғастырады

Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады

Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың ықпалдастығы қарқынды әрі сан қырлы сипат алғанын айтты

SIPRI: Дүние жүзінде қару-жарақ сату өсті, Ресей де қалысар емес

Табыстың өсуі бүкіл әлемде байқалды және бұл, әсіресе, Ресей мен Таяу Шығыстағы компаниялар арасында қарқынды болды

Қытай АҚШ-тан Тайваньға қару-жарақ сатқаны үшін кек аламыз деп қорқытты

Пекин Вашингтонды Қытай өзінің бүлікшіл провинциясы деп санайтын Тайваньға қару-жарақ жеткізуді дереу тоқтатуға шақырды.

Кошта: Украинаның ЕО-ға кіруіне көмектесеміз

«Біз уақытша басып алынған аумақтарды ешқашан заңды түрде Ресейдікі деп танымаймыз, бұл тек біздің жеріміз», – деді Украина лидері.