«Екінші Республика»: «TALQYLAU» алаңында мемлекеттік модельдің жаңартылуы талқыланды

Елордада «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жанынан іске қосылған «TALQYLAU» диалог алаңының екінші отырысы өтті. Институттың telegram арнасында дауыс беру қорытындысы бойынша анықталған талқылау тақырыбы Мемлекет басшысы айтқан мемлекетті трансформациялау жөніндегі идеологема – «Екінші Республика» болды.

  • 14.04.2022

 

 

Әлеуметтік желілерде тікелей эфирде тарату арқылы өткен ашық пікірталас барысында сарапшылар, қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары ел Президенті ұсынған реформаларға қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

Отырысқа қатысқан ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин бұл термин билік институттары арасында неғұрлым тиімді теңгерім жасайтын мемлекеттік басқару моделінің өзгеруін бейнелейтінін атап өтті.

 «Жаңа Қазақстан» – бұл маңызды қоғамдық трансформацияны жүзеге асыратын кең ауқымды идеологема болса, «Екінші Республика» – бұл мемлекеттік модельді өзгерту. Яғни, бірінші жағдайда құндылықтар деңгейінде, ал екінші жағдайда – бұл институционалдық, құқықтық деңгейде жүзеге асатын өзгерістер.16 наурыздағы Жолдауда Президент нақты жаңа саяси бастамаларды жария еткенін және оларды жүзеге асыру іс жүзінде басталып кеткенін ескерсек, «Екінші республикаға» көшу жақын арада орын алады деп айтуға болады», деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік хатшы Президенттің жаңа бастамалары бүкіл саяси жүйені жаңғыртып, қайта бастауды білдіретінін атап өтті. Жаңа заңдар қабылданып, Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін іс жүзінде осы жылдың өзінде Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшу жүзеге асырылады. Ол тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін институционалдық тұрғыдан күшейтіп, жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов елімізде саяси жүйені трансформациялау партияны жаңғыртудан басталғанын атап өтті.

«Заңнаманы либерализациялауды, жаңа партияларды тіркеу ресімдерінің жеңілдетілуін ескерсек, еліміздің партиялық-саяси алаңына жаңа ұйымдардың келетінін түсіну қиын емес. Бұл жағдай – біздің партиямыз үшін өзінің ұзақ мерзімді, жауапты көшбасшылыққа және бәсекелестікке дайын екенін дәлелдеу мүмкіндігі. Осы алаңдағы кездесу «AMANAT» сындарлы диалог аясында Қазақстанды дамыту бойынша нақты идеялар мен ұсыныстар әзірленетін саяси мәдениетті арттыруға барынша ықпал ететінін көрсетеді», деп атап өтті Асхат Оралов.

 «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботаревтің айтуынша, «республика» әркез сайлау жолымен қалыптасатын мемлекеттік билік жүйесін айқындап келді.

«Біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік кезеңінде сайлау жүйесі қаншалықты қарқынды реформаланып жатқанын көріп отырмыз. Алдымен ауыл әкімдерін сайлау институты енгізілді. Кейін аудан әкімдері сайланады. Сайлау процесіне мажоритарлық жүйенің элементтерін қайтару жұмысы жүріп жатыр. Бұл да жаңашылдықтың, жақсылықтың нышаны. Бұл тек идеологияның немесе ұғымдардың өзгеруі ғана емес, анығында бұл алға жылжудың, дамудың айғағы», деп толықтырды Андрей Чеботарев.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның пікірінше, бүгінде қазақстандықтар Конституция ғана емес, мемлекеттік басқару жүйесі де өзгеріп жатқан тарихи кезеңде өмір сүріп жатыр.

«Біз мемлекеттіліктің бұрынғы форматынан бас тартпаймыз. Алайда оған қайтып оралмайтынымызды да түсінген жөн. Жасыратыны жоқ, ел азаматтарының басым көпшілігі өзге мемлекеттердің, қайсыбір утопиялардың сезімімен өмір сүреді. Қазір өз кеңістігімізге оралып, өз күн тәртібімізбен өмір сүруді үйрену маңызды», деді депутат.

Кездесу барысында Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Селтеев, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры, профессор Марат Бәшімов өз пікірлерімен бөлісті. Залдағы қатысушылар ғана емес, онлайн-көрермендер де сұрақтарын қойды.

Естеріңізге сала кетейік, «TALQYLAU» диалог алаңын құру бастамасы «AMANAT» партиясының 1 наурызда өткен кезектен тыс Съезінде партиялық трансформация бағдарламасы тармақтарының бірі ретінде көтерілген болатын. Алдағы уақытта «TALQYLAU» отырыстары түрлі форматта ұйымдастырылып, онда пікірталас, подкасттар жазу, дебаттар қолға алынады. Алаңда сарапшылар, депутаттар, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешу жөніде ұсыныстар әзірлеу үшін тұрақты түрде кездесіп отырады.

Байланысты жаналықтар

Ресейдегі теракт: Тергеу комитеті "террористердің Украинамен байланысы барына айғақ табылғанын" айтты

29.03.2024

Елшілік Қазақстан азаматтарына Украинаның Одесса және Харьков облыстарынан кетуді ұсынды

29.03.2024

Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға келеді

28.03.2024

Оралов Президент әкімшілігіне оралды

28.03.2024

Мәскеудегі теракті салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жетті 

28.03.2024

Тоқаев: Қытайдың салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі

28.03.2024
MalimBlocks
Ресейдегі теракт: Тергеу комитеті "террористердің Украинамен байланысы барына айғақ табылғанын" айтты

Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" ғимаратында теракт жасағандардың "Украиналық ұлтшылдармен байланысы барына айғақ табылды" деген мәлімдеме жасады. Олар мұндай ақпаратты лаңкестікке қатысы бар тағы бір күдіктіні ұстағаннан кейін таратқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Елшілік Қазақстан азаматтарына Украинаның Одесса және Харьков облыстарынан кетуді ұсынды

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың өзгеруіне және ахуалдың нашарлауына байланысты Қазақстан азаматтарына аталған аймақтардан кетуін ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға келеді

Бұл туралы Тоқаевтың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оралов Президент әкімшілігіне оралды

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәскеудегі теракті салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жетті 

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі «Крокус Сити Холлға» жасалған шабуылда және одан кейін қаза тапқандардың тізімін жаңартты. 27-наурыз түнде таратылған мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны 143 адам болған.

Тоқаев: Қытайдың салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына барды, деп хабарлайды Malim.kz.