Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

Франция президенті Путиннің жалған сөйлеп отырғанын айтты

Сабина Асқарқызы

  • 25.04.2025

Франция Президенті Эммануэль Макрон Ресей басшысы Владимир Путинді жалған сөйлеуді тоқтатуға шақырып, АҚШ-ты ашуын соған бағыттауға үндеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Оның айтуынша, бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз шарты – Путиннің өтірікті доғаруында.

Бейбітшілік үшін қажет жалғыз нәрсе – бір ғана шарт бар: мен мұны екі күн бұрын АҚШ Президенті Трампқа да қайталап айттым – президент Путин ақыры жалған сөйлеуін тоқтатуы керек, – деді Макрон Мадагаскарға сапары барысында. 

Оның бұл сөздерін AFP ақпарат агенттігі таратты.
Макрон Ресейдің 24 сәуірде Киевке жасаған соққысына қатысты пікір білдіріп:

«Президент Путин америкалық делдалдармен сөйлескенде: «Мен бейбітшілік қалаймын» дейді. Әлемге де: «Мен бейбітшілікке ұмтыламын» дейді. Бірақ ол Украинаға әлі де бомба жаудырып жатыр! Ол Украинада адамдардың өмірін жалмауын жалғастырып отыр!», – деді.

Франция басшысы Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолы – Путиннің сөз жүзіндегі уәдесінен нақты әрекетке көшуі екенін айтты:

«Біз күтетін жалғыз жауап бар. Президент Путин сөзсіз атысты тоқтатуға келісемін дей ме? Бұл ұсынысты АҚШ жасады, Еуропа қолдады. Президент Зеленский келісімін берді. Егер Путин «иә» десе – адамдар аман қалады», – деді Макрон.

Сондай-ақ, ол АҚШ-тың ашуы «бір ғана адамға – президент Путинге» бағытталуы керек екенін атап өтті және Францияның Украина егемендігі мен аумақтық тұтастығы туралы ұстанымы өзгермейтінін қадап айтты.

Біз украин халқының өз жерінде, халықаралық деңгейде танылған шекаралары ішінде бейбіт өмір сүру құқығын қорғауды жалғастырамыз, – деді Эммануэль Макрон.

Фото: Ludovic Marin/Reuters

Байланысты жаналықтар

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025
MalimBlocks
Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды