Изоляторда көз жұмған семейліктің туыстары әділдік іздеп жүр

Cуретін көріп денеміз түршікті, үсті-басы көгерген, танауын бет қылған. Сау-тамтығын қалдырмай, 11 қабырғасын сындырған.

Malim Админ

  • 14.02.2022

«Митингке қатысты» деп ұсталып, тергеу изоляторында көз жұмған  семейлік Жандос Жотабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.  Семейдің 36 жастағы тұрғыны жұмбақ жағдайда қаза тапқан.  Марқұмның жақындары істің әділ түрде шешім тапқанын талап етуде.  

 
Ауыр азаптан жан тәсілім еткен Жандостың анасы қайғыдан әлі есін жия алмай отыр. Әкесі Тұрсын Жотабаев бізге жағдайдың қалай болғанын баяндап берді.    
-Ұлым митинг болып жатқан жерге 6-қаңтар күні барған. Шамамен сағат күндізгі  11-12 шамасында. Соңғы рет телефон шалғаны сол уақыт. Сағат 13:00 кезінде Жандосты ұстап алып кеткен. Біз оны іздеп Әуезов аудандық Ішкі істер бөліміне бардық.  Кейін орталық полиция бөлімшесінде екенін анықтадық. Бөлімшеде  8-қаңтарға дейін ұстап отырған», - дейді ол.  

 
Тұрсын Жотабаевтың мәлімдеуінше, Орталық полиция бөлімшесі хабарласып ұлының жеке куәлігін алдырыпты. Кейіннен туыстары Жандостың Затондағы тергеу изоляторына әкетілгенін білген. 
- Телефонына қоңырау шалып ала алмадық. Ертеңінде тамағы мен киім-кешектерін апарып бермекші болдық. Бірақ ондағылар "ештеңе керек емес, іші жылы, тамақты өзіміз береміз" деп бізді қайтарып жіберді дейді Жандостың әкесі.  

  
Жандос Тұрсынұлы тергеу изоляторында 17-қаңтарға дейін отырған.  Сол күні изолятор қызметкерлері жедел жәрдем шақырған.   Көп ұзамай дәрігерлер Жандостың өлімін тіркеген.   
«Ұлымның  суретін көріп денеміз түршікті, үсті-басы  көгерген, танауын бет қылған. Сау-тамтығын қалдырмай, 11 қабырғасын сындырған. Денесін тілген кезде плеврит, бір өкпесінде 750 миллилитр, екіншісінде 251 миллилитр сұйық зат бар деген қорытынды жазып берді. Енді соңғы қорытындыны алатын уақытты күтіп отырмыз", – дейді Тұрсын Жотабаев.


Жәбірленушінің айтуынша, Жандос Жотабаев ДЦП-мен ауырған. Денсаулық жағдайына қарамастан, бір отбасын бір өзі асырап отырған.  Соңында 16 жастағы студент қызы қалды. 
-Жазған арызымызға байланысты  12 желтоқсан күні бізді қалалық проуратураға шақырды. Прокурор мен адвокат болды. Жандосқа қатысты іс қаралып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар ұлыма «әкімдікке кіріп,   видео түсірген, халықты митингіге шақырған» деп айып  тағып отыр.  Істің ақ-қарасын білейік десек Жандостың телефонын да берген жоқ. Естуімізше, кезекпен-кезек ауысып, баламды аяусыз соққыға жыққан,-деп күйінішін білдіреді әкесі.  

 
Жақын күндері аталмыш іске байланысты  сот болады.  Марқұмның отбасы жағдайды өлімге дейін жеткізгендердің жазалануын талап етеді.  

Олжас Әбіл       

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады