Күдігі көп кеңес: Қырықпышақ оппозиция, Құлыбаев партиясы және сатқындық

Malim Админ

  • 17.03.2021

Нұр-Сұлтанда «оппозицияның ұлттық үйлестіру кеңесінің» отырысы өтті. Оған бірқатар белсенділер мен саясаткерлер қатысты.

Жиынға Алматыдан зум желісі арқылы қатысқан Рысбек Сәрсенбайұлы кеңес экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың болашақ партиясының негізін қалау, соны жарнамалау екенін айтып, жиынды ұйымдастырушылардың бірі «Нұр Отан» партиясынан қуылған саясаткер Нұржан Әлтаевты сынап, оның билікке шын қарсылас екеніне күмән келтірді.

«Мен мына ұлттық кеңестеріңізге ешқандай сенім артып отырған жоқпын. Дүдәмал нәрсе. Бұл Тимур Құлыбаевтың ертеңгі күні билікке талас кезіндегі болашақ партиясының негізін қалап, соны танымал ету үшін, соның төңірегіне аңғал азаматтарды тарту үшін керек сияқты көрінеді де тұрады. Мүмкін қателесетін, де шығармын. Әлихан Байменовтың сатқындығы кезінде қоғамды қандай жағдайға ұшыратты? Қосановтың сатқындығы қандай жағдайға ұшыратты? Нұржан (Әлтаев-ред) сатқын емес шығар. Бірақ оны да сол сатқындыққа апаруы мүмкін», - деді Сәрсенбайұлы.

Өз кезегінде тіркелмеген "Ел Тірегі" партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаев Рысбек Сәрсенбайұлының сынына жауап бере келе, оппозициялық топтар әлі күнге дейін қырықпышақ болып жүргенін айтты.

«Бұл бастама Әлтаевтың қарамағында емес. «Ел Тірегі» партиясының қарамағында емес. Өздеріңіз, сіздер жасап жатқан кеңес... Менің оппозицияға келгеніме көп болған жоқ. Бірақ, сол екі-үш айдың ішінде байқағаным, көптеген оппозициялық партия өкілдерімен кездесіп, сөйлестім, барлығы ананы сұрасаң «ой, ол КНБ-ның агенті», мынаны сұрасаң, «ой, ол Ақорданың жобасы» деп бірін-бірі жамандайды. Бұл кімге жақсы? Бұдан билікке ғана жақсы. Оппозиция әлі күнге дейін қырықпышақ болып жүр», - деді Әлтаев.

Жиыннан кейін Рысбек Сәрсенбайұлына хабарласып, кеңеске қатысты пікірін білген едік. Онда ол кеңесте айтқан сөздеріне алып-қосары жоқ екенін айта келе, кеңестің президент сайлауының алдында құрылған «Жаңа Қазақстан» ұйымына ұқсас дүние екенін және қатысушылардың тізіміне қарап, оған деген күмәні одан сайын ұлғайғанын айтты.

«Ұлттық кеңес мен қауіптенгендей, билік жағынан болған нәрсе. Солардың ұйымдастыруымен болған дүние. Оның барлығын уақыт ашып көрсетеді ғой. «Неге бірікпейді, қалай біріктіреміз?» деген шын жанашыр азаматтар бар ғой, бұл сондай азаматтарды өздерінің уысына түсіру сияқты маған. «Жаңа Қазақстан» сайлауға дейін бір жарым, екі жыл бұрын құрылды ғой. Бұл да сол сияқты нәрсе. Алдағы уақыттардағы және бүгінгі күнгі көкейкесті мәселерде халықты бөлу үшін, барлығы бір мақсатқа қосылып кетпеуі үшін жасап отыр бұны», - дейді Сәрсенбайұлы.

«Оппозицияның ұлттық үйлестіру кеңесінің» отырысына қазір шетелде тұрып жатқан саясаткер Әкежан Қажыгелдин, тіркелмеген Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай және т.б шақырылған. Бірақ олар жиынға келмеген.

Байланысты жаналықтар

The Insider: Навальный түрмеде уланған болуы мүмкін

30.09.2024

Венесуэладағы сайлаудан кейін оппозиция жақтаушылары митингке шықты

06.08.2024

Юлия Навальная сотталды

11.07.2024

Н.Әлтаев А.Мырзахметов ісі бойынша күдікті деп қамауға алынды

08.06.2023

Қайрат Нұрқаділов сайлаудан бас тартып, жолын Рысбек Сәрсенбайұлына бермек

03.03.2023

А. Орынбек М. Тайжанға қарсы. Р. Сәрсенбайұлы қолдап отыр

01.03.2023
MalimBlocks
The Insider: Навальный түрмеде уланған болуы мүмкін

Басылым оппозиялық саясаткердің өліміне қатысты жүздеген ресми құжаттарға қол жеткізгенін хабарлады

Венесуэладағы сайлаудан кейін оппозиция жақтаушылары митингке шықты

Венесуэладағы президент сайлауынан кейін оппозиция өкілдері жаппай митингке шығып, биліктен өздерінің жеңісін талап етуде. Қазіргі президент Николас Мадуро қазіргі уақытта мыңдаған "тәртіп бұзушылардың" ұсталғанын мәлімдеді.

Юлия Навальная сотталды

Соттың баспасөз қызметі Навальная алдын ала тергеу органдарынан жасырынып қалғанын, осыған байланысты іздеу жарияланғанын баса айтты.

Н.Әлтаев А.Мырзахметов ісі бойынша күдікті деп қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таңертең бұрынғы депутат Нұржан Әлтаевқа қозғалған қылмыстық іске байланысты хабарлама таратты.

Қайрат Нұрқаділов сайлаудан бас тартып, жолын Рысбек Сәрсенбайұлына бермек

Редакция қоржынан келіп түскен видеоға қарағанда, Алматы облысындағы 11-сайлау округінде дауысқа түсіп жатқан кандидат Қайрат Нұрқаділов сайлаудан бас тартпақ

А. Орынбек М. Тайжанға қарсы. Р. Сәрсенбайұлы қолдап отыр

Әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы, өзін заңгер санайтын Айгүл Орынбек сайлаудың үгіт-насихатының отына май құйып бергендей болды.