МАҚТААРАЛ: ҮМІТКЕРЛЕР ЖАС ЧЕМПИОНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Malim Админ

  • 29.12.2020

Спорттың ел денсаулығына оң әсерін тигізетінін жақсы білетін Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің жыл сайынғы жолдауларында салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты дамытуға, дене шынықтыру мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келді. Өйткені, спорт – мемлекеттің  мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Соның нәтижесінде еліміздің көптеген ауылдары мен елді мекендерінде спорт ғимараттары салынып, салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатары артып келеді.
Мақтаарал аудандық мәслихат депуттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов, Қалмырза Бейсенбаев пен Сүндет Кенжебаев N2 «Атакент» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің чемпиондарымен кездесті. Спорттың армрестлинг түрінен әлемнің, Еуропа мен Азияның, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған жасөспірімдер спорттық мансабында үлкен жетістіктерге қол жеткізді.
Кездесу барысында «Nur Otan»-дықтар зиянды әдеттерден бас тартып салауатты өмір салтын ұстанған, әлемдік ареналарға көтерілу үшін алпауыт мемлекеттермен иық тіресетіндей дәрежеге көтерілген спортшыларға алдағы байрақты бәсекелерде жеңіс тіледі.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер алдағы 5 жылда партия елді мекендерде спорт объектілерін, оның ішінде денешынықтыру-сауықтыру кешендерін, спорт және «Workout» алаңдарын қайта құру, салу мәселесін шешуге атсалысатынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

MalimBlocks