Мен Путиннің жобасымын!

Malim Админ

  • 18.05.2021

Шешенстан президенті Рамзан КАДЫРОВ өзін Путиннің жобасы һәм сарбазы екенін айтты. Бұл туралы Gazeta.ru басылымы жазды деп, хабарлайды Мalim.kz сайты.

«Иә, мені Путиннің жобасы десеңіздер болады. Мен оның сарбазымын. Әрбір бұйрығын абыроймен орындаймын. Ең қиын кезде Путин менің халқымды қолдады. Республикамыздың қайта қалыптасуы соның арқасы. Менің дінім осындай басшыға қызмет етуге үндейді»,  - деген Кадыров.

Сондай-ақ, Алланың құлы екенін және халықтың қызметшісімін деді.

«Бүгінгі күні Путиннің орнынын басатын адамның атын айта алмаймын. Ешбір саясаткердің бойынан отанға деген шексіз махаббатты, алысты болжай алатын қырағылықты көре алмадым. Сондықтан біздің президенттің мұрагері туралы әңгіме орынсыз», - депті Шешенстан басшысы. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Рамзан Кадыров 2024 жылғы президенттік сайлауға Владимир Путин қатысуы тиіс деген болатын.  

Фото: sport24.ru