Мұхамедиұлы карантинде енесінің қонақ үйінде той жасады
Экс-министр Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ қызын ұзатпақшы. 2021 жылдың 11 сәуір күні құдалар жағы сырға салып кеткен. «Сырға салу» кеші астанадағы «Дипломат» қонақ үйінде болған. Бұл туралы НЕГЕ сайтының telegram каналы хабарлады.
Айтпақшы, ғаламторда бұл қонақ үй Арыстанбек Мұхамедиұлының иелігінде екені талай мәрте жазылды. Артынша экс- шенеунік бұл бизнеске өзінің қатысы барын айтты. Бірақ нақты қожайыны енесі екен.
Сонымен Мұхамедиұлы кішігір тойын енесінің қонақ үйінде жасап, жүзге жуық адамды қонақ еткен. Айжан МҰХАМЕДИ отбасының тұңғышы. 1992 жылы дүниеге келген.
Арыстанбек Мұхамедиұлы бір сұхбатында «Мен текті жермен құда болғанды жөн деп санаймын» деген еді. Мың жылдық құдалардан да, күйеу баланың да кім екені жайлы әзірге бірде бір ақпарат жоқ.
Қазір Нұр-Сұлтан қаласы қызыл аймақта. Астананың бас санитар дәрігері Сархат БЕЙСЕНОВА қандай да бір шара қолдана ма екен? Егер экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы осыған қатысты түсінік беретін болса Мalim.kz өз мінберін ұсынуға дайын.
Фото: sputnik.kz