Мыңбаев отставкаға кетуге мәжбүр болған

Malim Админ

  • 30.03.2021

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ басшысы Сауат Мыңбаев қызметінен кетті.

Әлеуметтік желі мен бірқатар БАҚ-та ҚТЖ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың денсаулығына байланысты отставкаға кеткені жөнінде ақпарат тарады. Онда Мыңбаевтың омыртқа жарақатынан қозғала алмай қалғаны жөнінде айтылған.

«Сауат Мұхаметбайұлының омыртқа жарақаты ауыр болғандықтан орнын босатуға мәжбүр болды. Ол әлі күнге дейін қозғала алмайды. Жағдай өте қиын. Сол себепті ол жұмыстан кетуге мәжбүр», - делінген тараған мәлімдемеде.

Бұған дейін, қаңтардың 22-і күні Мыңбаевтың омыртқа жарақатымен Герамнияның «Шарите» клиникасына жеткізілгені жөнінде айтылған. «Қазақстан темір жолы» компаниясы бұл ақпаратты бастапқыда жоққа шығарған. Кейіннен Сауат Мыңбаевтың «спортпен шұғылдану кезінде жарақат алғанын» растаған.

Сауат Мыңбаев «Қазақстан темір жол» ҰК АҚ басқарма төрағасы болып 2018 жылы тағайынжалған. Оған дейін мұнай және газ министрі, премьер-министрдің орынбасары және т.б қызметтерде болған. Осыған дейін сарапшылар мен саясаттанушылар Сауат Мыңбаевтың мұнай-газ саласында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаевпен тығыс байланыс орнатқанын және кеше ғана қызметінен кеткен Ахметжан Есімовтің қолдауына ие екенін айтқан. Бұдан бөлек, Мыңбаевтың Сарыбай Қалмырзаевтың ұлы Нұрбол Сұлтанмен туыстығы бар. Ал  Қалмырзаев Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі болған.

Сауат Мыңбаев елге офшор дауымен де таныс. 2017 жылы Халықаралық журналистік зерттеулер консорциумы офшор компаниялардың құжаттарын жариялап, Бермуд аралдарында тіркелген «Meridian Capital Ltd» компаниясының 20 пайызы Мыңбаевқа тиесілі екенін мәлімдеген. 2006 жылы компания активі 3 миллиард доллар болған. Бұл ақпаратты Мыңбаевтың өзі де растаған. Бірақ ол «2003 жылы компаниядағы үлесін басқа адамдардың басқаруына беріп, мемлекеттік қызметке қайтып оралғанын» айтқан.

Байланысты жаналықтар

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

05.05.2025

Халық банк Құлыбаевтарға шамамен 223 млрд теңге дивиденд төлейді

03.05.2025

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

30.04.2025
MalimBlocks
Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

Халық банк Құлыбаевтарға шамамен 223 млрд теңге дивиденд төлейді

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

Ол әжесіне арнап жазба жариялады.