Назарбаев өзінің мәртебесін өзгертетін референдумға қатыса ма?
Заң қатып қалған құқықтық реликт емес

Экс-президент Назарбаев референдум өткізуге қалай қарайды? Бұл туралы ол Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында айтты.
Назарбаев сұхбат барысында Конституцияға түзетулер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдумға баратынын айтты. Әшімбаевтың түзетулер арасында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесіне қатысты өзгерістер де бар екенін сөз етті.
«Иә, 5 маусымда Конституция берген құқығымды міндетті түрде қолданып, референдумда дауыс беруге қатысамын. Мен еліміздің Негізгі Заңы - қатып қалған құқықтық реликт емес, қазақстандық қоғамның өмірін, ондағы болып жатқан өзгерістерді көрсететін тірі тетік екенін үнемі айтып келемін. Өзгерістер бұрын да енгізілген.
Бұл уақыт талабы болса және қоғамның ілгерілеуіне, демократиялық дамуына ықпал етсе, әр ұрпақтың негізгі заңға өзгерістер енгізуге құқығы бар деп санаймын. Мені, бәріңіз сияқты болып жатқан жағдайдың бәрі мемлекет пен біздің халқымыздың мүддесі үшін болғаны алаңдатады», - деді Назарбаев. Экс-президент «бұл жолы қолдау көрсететініме күмәнданбасаңыздар болады», - деп қосты.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы
Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...