Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Назарбаев туыстарының жазаланғанын жөн санайды

Саясат
Назарбаев туыстарының  жазаланғанын жөн санайды

Нұрсұлтан Назарбаев    саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа сұхбат беріп, заң бұзған туыстары туралы айтты. Егер туыстарымның бірі заңды бұзу үшін менің атымды жамылса, онда олар тиісті жазаға тартылуы керек, деді ол.

Саясаттанушы Назарбаевтан заңсыз байыды деп күдікке ілінген туыстары туралы сұрап білді.

«Біз ұзақ жыл бойы Қазақстанда құқықтық мемлекет құрып келеміз. Оның негізгі қағидаты: заң – бәріне ортақ. Егер туыстарымның бірі заңды бұзу үшін менің атымды жамылса, онда олар тиісті жазаға тартылуы керек. Оның кінәсі сотта дәлелденуге тиіс. Әр азамат заңды түрде қорғануға құқылы екенін ұмытпаған жөн», - деді Назарбаев.

 Назарбаев  күйеу баласы Рахат Әлиевке қатысты да айтып қалды.

"Ол менің қызымның күйеуі болды. Ұлым сияқты еді, жиендерімнің әкесі болды. Бірақ соған қарамастан мемлекет оның заңға қайшы әрекеттеріне көз жұмып қараған жоқ. Қазақстан соты оны соттады. Бірақ ол қашып үлгерді, өмір бойы жасырынуға мәжбүр болды. Адам қызығарлық тағдыр емес", - дейді Назарбаев.

Экс-президент сұхбатында ел басқарған  жылдары үлкен жұмыс атқарылғанын сөз етті.  Бірақ өзінің еңбегін халықтың ұмытып бара жатқанына  реніш білдірді.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу