«Проблемалар жасырылып келген». Үкіметке шағым көп 

Өңірлердегі ахуал  бұған дейін берілген ақпараттан да нашар

Malim Админ

  • 20.12.2022

Қыстың екінші айы таяп қалды. Үкімет жылыту маусымы туралы тексерісті енді бастады. Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңірлердегі ахуал  бұған дейін берілген ақпараттан да нашар болып шыққанын айтып отыр. Ол Үкімет мүшелерін баспасөз бен әлеуметтік желідегі жылыту маусымы туралы шағымдарға жіті қарауға шақырды.     

«Тексерулер басталды. Проблемалар жасырылып келді. Бөлінген қаржы жеткіліксіз болғандықтан жаңғырту мен сапалы жөндеу жүргізілмеген. Станциялар мен желі иелері жеткілікті инвестиция салмаған. Қараусыз жатқан желілердің мәселесі де шешімін тапқан жоқ», - деді Смайылов.

Ол елімізде қыс айлары өте қатал екенін, жылу жүйесінде бұған дейін де талай апат болғанын еске алды. «Бірақ олар саны жағынан да, ауқымы жағынан да дәл осындай болған емес. Баспасөз бен әлеуметтік желідегі шағымдарға қараңыздар. Барлық өңірден мыңдаған шағым бар. Бұл бір күннің ғана проблемасы емес. Жылдар бойы қордаланып жиналды», - деді Әлихан Смайылов.   

Қалалардың кеңейіп, құрылыс секторының  қарқын алуы абоненттердің санын арттырған. Мұның бәрі   қолданыстағы жылу резервтерінің сарқылуына алып келген.  Мұндай ахуал  Астана, Алматы, Павлодар мен Ақтауда тіркелді.  Екіншіден, аудандардың дұрыс жоспарланбауы да проблеманы еселеп отыр. Тұрғын үйлер мен жылу желілерін бейберекет салу  апатты жағдайларға соқтырып жатыр.

Сондай-ақ, қалалардағы ауаны ластайтын автономды қазандықтар салынып жатқаны ахуалды күрделендіре түскен. Әсіресе, желілер мен жылу орталықтарына және қазандықтарға сапасыз қызмет көрсетіледі. Жаңадан жылу орталықтарын салу жұмыстары созылып кеткен. Смайылов бұған мысал ретінде елордадағы №3 жылу орталығының құрылысын келтірді. Сонымен қатар, тұтынушылар қарызы және газдандыруда қиындықтар бар. Сондықтан, желілердің техникалық жағдайын тексеруді жалғастырмаса жағдай ушыға түсері анық.  

Байланысты жаналықтар

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

01.03.2023

Үнемшіл Үкіметбасы!  Мектепке керек бейнебақылау сайлауға керек емес...

15.02.2023

Ғалымжан Қойшыбаев - Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы

04.01.2023

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

28.12.2022

Қант бағасынан дәретхана қағазына дейін. Қош келдің, қымбатшылық!

19.12.2022

«Астана LRT» құрылысына 20 млрд бөлінді

19.10.2022
MalimBlocks
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланған жоқ

Үнемшіл Үкіметбасы!  Мектепке керек бейнебақылау сайлауға керек емес...

Шенеуніктер ұсынысы орындалмады

Ғалымжан Қойшыбаев - Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы

Былтыр 11 қаңтарда Президент Жарлығымен Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...

Қант бағасынан дәретхана қағазына дейін. Қош келдің, қымбатшылық!

Қымбатшылықтың құрсауынан шықпаған сала жоқ

«Астана LRT» құрылысына 20 млрд бөлінді