«Қай аға маған оқ атқан?». Қаңтар құрбаны 4 жасар Айкөркемнің муралы салынды

Бұл адамдарға оқ атқан кім? Ескертусіз оқ атуға бұйрық берген кім?

Malim Админ

  • 03.06.2022

Қаңтар оқиғасында Алматыда  4 жасар Айкөркем  көз жұмған еді.

Айкөркем бауырларымен бірге көлікпен келе жатқанда әлдекімдер оқ жаудырған. Әкесінің айтуынша, оқ баланың басына тиіп, бір бөлігін жұлып әкеткен. Ауруханаға жеткен қаршадай қыз сол жерде жантәсілім еткен еді.

Осы қайғылы оқиғадан соң әкесі Айдос қызына арнаған өлең жазған.

«Мен мәңгі төрт жастамын» деп аталатын өлеңнің бір бөлігі сол күндері мылтық ұстаған әскерилерге арналған.

Еркесі едім үйдегі,

Деуші еді бәрі ботақан.

Қуанушы еді үлкендер,

Берді деп сені жаратқан.

Алаңсыз келе жатқанда,

Қай аға маған оқ атқан?

Атыпсың дәлдеп мылтықты,

Алды-артыңа қарамай.

Осынша неге өшіктің

Кіп-кішкентай балаға-ай?

Не кінәм менің бар еді

Өлтірдің неге, ағатай?!

Алайда, «Қай аға маған оқ атқан?» деген Айкөркемнің сауалына   ешкім жауап берген жоқ. Көлікке кім оқ атқаны күні бүгінге дейін беймәлім. Билік бейбіт тұрғындарға оқ ату бойынша істер туралы толық ақпарат бермей отыр.

Бүгін Қаңтар қырғынының құрбаны кішкентай  Айкөркем Мелдеханға арналған мурал салынды Мурал бір жыл бұрын талап еткен сурет экс-президент Назарбаевтың «күшін жоюды» талап еткен жерде пайда болған. Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысындағы гараж қабырғаға салынған.  

Мурал туралы ақпарат Rukh2k19 тобы инстаграм-парақшасында жарияланды. Онда:

«Осы жолы үндемей қаламыз ба? Әділдікті талап етуге осы жолы да шамамыз келмей ме? Қазақстанның жерінде жүздеген адамның мерт болғанына бес ай болды. Мыңдаған адам полицияда азапталып, өмір бойы мүгедек боп қалды. Жеті адам азапқа шыдамай абақтыда көз жұмды. Бұлардың бәрі біздің адамдар, біздің халық. Олардың орнында біз де болуымыз мүмкін еді.

Ал енді бұл адамдарға оқ атқан кім? Ескертусіз оқ атуға бұйрық берген кім?

Біз әділдікті талап етеміз. Бізге қосылып, сіз де әділдікті талап етіңіз. Өзімізді өзіміз қорғамасақ, басқа ешкім келіп, қорғамайды» деп жазылған.  

Жұма күні салынғанына   бірнеше сағат болмай жатып муралдан Айкөркемнің суреті алынып, сырланғаны хабарланды.

Байланысты жаналықтар

Айкөркемнің қазасына қатысты іс: Сот жаңа үкім шығарды

05.07.2024

 «Хабар» арнасының басшылығы тікелей эфирде көрсетілген бағдарлама үшін көрерменнен кешірім сұрады

13.03.2024

Бесеудің соты.  Әртістер тілсіз, Жазушылар одағы үнсіз!  

14.07.2023

Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

13.07.2023

4 жасар Айкөркемнің соты басталды

29.06.2023

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ағасын полицейлер алып кетпек болған

25.05.2023
MalimBlocks
Айкөркемнің қазасына қатысты іс: Сот жаңа үкім шығарды

 «Хабар» арнасының басшылығы тікелей эфирде көрсетілген бағдарлама үшін көрерменнен кешірім сұрады

«Бірақ...» бағдарламасының эфирге шыққанына 2 күн ғана болған.

Бесеудің соты.  Әртістер тілсіз, Жазушылар одағы үнсіз!  

Халықтың  қаны төгіліп, ел іші бүлінгенде қит етпегендер енді бас көтерер деймісіз?! 

Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

Қаңтар оқиғасында қайтыс болған 4 жасар Айкөркемнің әкесі мен БАҚ өкілдерін сотқа кіргізбеді,- деп хабарлайды Азаттық радиосы. 

4 жасар Айкөркемнің соты басталды

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді. Бұл ақпаратты Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан хабарлады,- дейді Азаттық сайты.

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ағасын полицейлер алып кетпек болған

Айдос Мелдехан бұл әрекетті өзіне жасалған қысым деп есептейді. Себебі ол қызының өлімін халықаралық дәрежеде тергеуді талап етіп келеді.