Қала әкімі облыс әкімін сотқа берді

Malim Админ

  • 20.05.2021

Ақсу қаласының әкімі әкімі Нұржан Әшімбетов Павлодар облысы әкімі Әбілқайыр Сқақовтың үстінен сотқа екі шағым түсірді. Нұржан Әшімбетов облыс әкімі Сқақов жариялаған сөгіспен келіспейді.

Сәуір аяғында облыс әкімі Сқақов Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының төмен көрсеткіштерін алға тартып, міндетін тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Нұржан Әшімбетовке сөгіс жариялаған.

Сөгіспен келіспеген Нұржан Әшімбетов Әбілқайыр Сқақовтың үстінен Павлодар қаласының сотына шағым түсірді. Нұржан Әшімбетов Ақсу қаласына әкім болып барғалы небәрі екі ай өткендіктен, жоғары әлеуметтік-экономикалық көрсеткішке жету мүмкін еместігін айтады. Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, оған Ақсу қаласының 2021 жылы 1-тоқсан мен жыл бойы қандай әлеуметтік-экономикалық көрсеткішке жетуі керектігін белгілейтін құжатпен ешкім таныстырмаған.

Бірақ Нұржан Әшімбетовтің үстінен қоластындағы қызметкерлер арыз жазып, артынша қызметтік тексеру жүрді. Қоластындағылар арызда әкім дөрекі сөйлеп, еңбек тәртібін бұзады деген.  Істі қараған әдеп жөніндегі кеңес Нұржан Әшімбетовті қызметінен босатуды сұрады.

Нұржан Әшімбетов арыздағы айыптауларды жоққа шығарып, тексерушілер заңбұзушылықтарға жол берді дейді. Сөйтіп, Әшімбетов мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің үстінен де сотқа шағымданды.

Әшімбетов тәртіптік істі қарауды сот шешімі шыққанға дейін ауыстыруды сұрады. алайда Павлодар қаласының соты әдеп жөніндегі кеңес отырысының алдында шағыманушының арызын қараудан бас тартқан. Әшімбетов  бұл сот шешіміне шағымданбақ.  Оның ойынша, үстінен түсірілген шағым оған қарсы қасақана жасалған әрекет, ал оны ұйымдастырушылардың жұмысында өрескел заңбұзушылықтар бар.

Ал облыс әкімі жариялаған сөгіске қатысты Нұржан Әшімбетов "Atameken business" арнасына берген сұхбтында бүй деді: "Сөгіспен келіспейтін себебім, инвестиция мен құрылыс бойынша көрсеткіштердің 80 пайызы қаладағы кәсіпорындарға байланысты. Егер олардың бағдарлама көрсеткіштері төмендетілсе, әкім ретінде оған әсер ете алмаймын. ERG компаниясының бас кеңсесі Нұр-Сұлтан қаласында", - дейді ол.

Әзірге Әбілқайыр Сқақов Нұржан Әшімбетовтің шағымына қатысты түсінік бермеді. Бұл істің сәуірден бері жалғасып жатқанын ескерсек, екі әкімнің арасындағы текетірес те әлі де ұзаққа созылуы мүмкін. 

Оқи отырыңыздар:

Облыс әкімін сотқа берген Ақсу әкімі қызметінен босатылды

 

Мамырдың 21-і күні Әбілқайыр Сқақов Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовті жұмыстан босатқаны хабарланды.

 

Байланысты жаналықтар

Майқайыңдағы апат: Соңғы құтқарушының денесі табылды

25.07.2024

Майқайың кенішінде шахтаға құлаған автобус табылды

25.07.2024

Екібастұзда бір үйдің үш баласы өртеніп кете жаздады

23.07.2024

Павлодар облысы көмір кенішінде жұмысшы қаза болды

03.07.2024

Павлодар облысында адамды бауыздап, тынығып отырған қария ұсталды

17.06.2024

Бүгін – көрнекті ғалым Кемал Ақышевтің туған күні

23.05.2024
MalimBlocks
Майқайыңдағы апат: Соңғы құтқарушының денесі табылды

Оның денесі 75 метр тереңдіктен көтеріліп, жедел-тергеу тобына берілді

Майқайың кенішінде шахтаға құлаған автобус табылды

Қатты жаңбыр жауып, жел тұруына және топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізілуде.

Екібастұзда бір үйдің үш баласы өртеніп кете жаздады

Қатты түтін сағат 01.00 шамасында басталды.

Павлодар облысы көмір кенішінде жұмысшы қаза болды

Еңбек департаменті оқиғаға қатысты тергеуді бастады.

Павлодар облысында адамды бауыздап, тынығып отырған қария ұсталды

Жантүршігерлік видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Бүгін – көрнекті ғалым Кемал Ақышевтің туған күні

Ол Павлодар облысының Баянауыл кентінде туған.