Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді

Жылыой ауданында Қамыскөл көлінің жағалауы нығайтылуда.

Сабина Асқарқызы

  • 13.12.2024

Вице-премьер Жылыой, Махамбет аудандарында, Құлсары, Атырау қалаларында болып, елді мекендерді үлкен судан қорғау жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Malim.kz

Жем өзенінің арнасы 23 шақырым және Құрсай каналы 35 шақырым тереңдетілген. Нысандарға 100-ден астам техника жұмылдырылды.

Құлсары қаласында Қанат Бозымбаев тұрғындармен кездесіп, су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған тұрғын үйдің сапасын тексерді.

Махамбет ауданында Жайық өзенінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарын тексерді. Махамбет ауылында  4,5 шақырымға созылған жағалау нығайтылып, Махамбет және Сарытоғай ауылдары арасындағы көпір құрылысы аяқталды. Ауыл ішіндегі жол жөнделуде.

Атырауда қала маңындағы Талғайран, Ақжар және Еркінқала ауылдарында қорғаныс бөгеттері салынуда. Алмалы ауылында "Сарыөзек" каналының бойындағы 5,6 шақырым бөгеттер нығайтылып, Жайық өзенінің бойында ұзындығы 2,5 шақырым жаңа жағалау бекіткіштері салынып жатыр.

Жайық өзені, Соколок каналы мен Каспий теңізі арасындағы негізгі буын саналатын Гоголь каналын тазарту және кеңейту жұмыстары жалғасуда. Жалпы ұзындығы 30 шақырым, ені 18 метр және тереңдігі 2 метр каналдың түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күні ұзындығы 9,5 шақырым учаскедегі жұмыстар аяқталды.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Каспий теңізіне құятын жерде Жайық өзенінің сағасын тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған жұмыстардың жалпы ұзындығы 10 шақырым, оның 9,5 шақырымы аяқталды.

Сондай-ақ облыс активіне Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген және жыл соңына дейін іске қосылатын су тасқынын болжау мен модельдеудің жаңа жүйесі – "Tasqyn" жұмысы көрсетілді.

 

"Қазгидромет" мәліметінше, қыс жылы болады деп күтілуде, қар көп болады, сондықтан біз барлық қажетті шараларды алдын ала қабылдап, барлық мүмкін сценарийлерді ескеруіміз керек. Сондықтан жұмысты қарқындатуымыз керек. Мердігерлік ұйымдарды екі ауысымға ауыстыру, қосымша күш пен техниканы тарту қажет. Төтенше жағдайлар министрлігі өңірдегі барлық су тасқынына қарсы шараларды бақылауға алып, мониторинг жүргізсін, — деп тапсырды Қанат Бозымбаев.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады