Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады

2024 жылы полиция іздеуде жүрген 1949 адамды ұстаған

Malim Админ

  • 05.02.2025

Ержан Сәденов елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Сонымен қатар министр елімізде қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде былтыр қылмыс саны 12,7 мыңға азайғанын баяндады. Оның айтуынша, соңғы жылдары қылмыс деңгейінің, әсіресе, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық сияқты аса ауыр қылмыс түрлері көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады.

Тергеудің заманауи әдістерін енгізу арқылы қылмыстың барлық санаты бойынша ашылуы жақсара түскен.

Қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы айтты. 2024 жылы полиция іздеуде жүрген 1949 адамды ұстаған.

Ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын таныстырды.

Айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін 264 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Соңғы 12 айда есірткі таратуға қатысты ақпарат жариялаған 7500-ге жуық интернет-ресурс анықталып, 22 тоннаға жуық есірткі айналымға жіберілмеген, 64 есірткі зертханасы жойылған. Интернет-алаяқтардың 65 миллион қоңырауы бұғатталған. Нөмірлерді ауыстыруға арналған 48 SIM-box құрылғысы әшкереленген. Алаяқтардың 2 миллиард теңгеден астам қаржыны елден шығаруына жол берілмеген.

Кәмелет жасына толмағандардың құқықтарын қорғау, көші-қонды бақылауды күшейту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Фото: Ақорда  

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады