Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті жұмысын қалпына келтіру тапсырылды

Malim Админ

  • 22.02.2022

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысын өткізді, отырыста кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселесі қаралды. ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады. ҚР Үкіметінің басшысы Қытаймен арадағы кедендік статистика деректерінің алшақтығы соңғы 4 жылда 20%-ға қысқарғанын атап өтті. Бүгінде Қаржы министрлігі 5 мыңнан астам тауар позициясының құндық индикаторларын қайта қарады.  ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне қойылатын талаптарды заң жүзінде күшейту мәселесін қарауды тапсырады.  Пандемияға байланысты шектеулер салдарынан Қазақстан-Қытай шекарасында көліктер тұрып қалған. Уақытша жабық тұрған өткізу пункттерінің жұмысын қалпына келтіру мақсатында қытай тарапымен биылғы жылғы 15-ақпаннан бастап жұмыс істеп тұрған «Нұр Жолы», «Бақты» және «Достық» өткізу пункттерінен бөлек, «Майқапшағай» өткізу пунктінің жұмысын қалпына келтіру туралы келісімге қол жеткізілді. 
Бүгінде елімізде кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Қабылданып жатқан шаралар кедендік әкімшілендіру процесін оңтайландыруға, кедендік рәсімдер кезінде бизнесті жүргізуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың толық төленуін қамтамасыз етеді. Ә. Смайылов «Астана-1» және «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйелерінің сапалы жұмыс істеуін  қамтамасыз етуді тапсырды.  Бүгінгі күні кедендік декларациялардың 100%-ы қашықтан тапсырылады. 4 млн астам кедендік декларация шығарылды, оның 82%-ы 1 минут ішінде автоматты түрде өткізілген. Қазіргі таңда 5 мыңға жуық пайдаланушы тіркеліп, мемлекеттік органдармен 15 интеграция жүзеге асырылды. 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

18.04.2025

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

18.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

18.04.2025

Президент ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

17.04.2025

Тоқаев митрополит Александрды марапаттады

17.04.2025

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

17.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Президент ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА төрағасының орынбасарларын қабылдады

Тоқаев митрополит Александрды марапаттады

Тоқаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.