Қазақстандық әскерилер Таяу Шығысқа аттанды (ФОТО)

Malim Админ

  • 15.03.2024

Қазақстандық бітімгерлер Голан биіктеріне аттанды. Бұл - стратегиялық және саяси маңызы бар Таяу Шығыстағы даулы аймақ. Оның көп бөлігін Израиль басып алған, ал шығыс бөлігі Сирияға тиесілі. 

Мұнда 139 қазақстандық әскери қызметші тараптар арасында атысты тоқтату режимін қолдау жөніндегі міндетін орындайды. Бітімгерлердің арасында әйелдер мен қыздар да бар. Олардың көпшілігі медицина қызметкері мен психолог.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскерилер кешенді бітімгерлік дайындықтан өткен және БҰҰ миссиясының мандаты шеңберінде жүктелген міндеттерді орындауға дайын.

Кеше 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта қазақстандық бітімгерлерді салтанатты түрде шығарып салуға арналған іс-шара өтті. Алаңға  Қорғаныс министрлігінің басшылығы, әскери қызметшілердің туған-туыстары мен әріптестері жиналды.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қазақстандық бітімгерлердің БҰҰ миссияларына қатысу географиясы мен әртараптандырылуын кеңейту Президенттің нұсқауы бойынша жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. 

«Бұл - біз үшін үлкен мәртебе, өйткені қысқамерзім ішінде әскери-саяси жағдайдағы ерекше тапсырмаларды орындауға дайын, барлық халықаралық стандарт пен талапқа сәйкес келетін бітімгерлік контингентті дайындап, жарақтай алдық», – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Руслан Жақсылықов контингент командирі подполковник Жігер Аиповқа ҚР Мемлекеттік Туын табыс етті. Мемлекеттік нышан Голан биіктіктеріндегі қазақстандық бітімгерлік базаның аумағына іледі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта

  • Батыс Сахарада – 6;
  • Орталық Африка Республикасында - 2;
  • Конго Демократиялық Республикасында - 2;
  • Ливанда - 9 офицер БҰҰ-ның миссияларында қызмет етуде.

 

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

07.05.2025

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

06.05.2025

Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

03.05.2025

Путин Сирияның жаңа билігіне Асадты бермейтін болды

24.04.2025

Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

24.04.2025
MalimBlocks
Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

Бұл туралы Трамп Канада премьер-министрімен кездесуінде айтты

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

Әуе соққысынан 16 адам зардап шекті

Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

Путин Сирияның жаңа билігіне Асадты бермейтін болды

Қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

Астанада әйел экстремистік материалдарды таратқаны және террористік топқа қосылуға әрекеттенгені үшін сотталды