Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғыз олигархы Райымбек Матраимов ұсталып, Бішкекке жеткізілді

Саясат
Қырғыз олигархы Райымбек Матраимов ұсталып, Бішкекке жеткізілді

Матраимовты үкімет ұшағымен алып кеткені хабарланды. Онымен бірге «Ошгаз» кәсіпорны директорының бұрынғы орынбасары Тілек Матраимовты да алып келген.

Әлеуметтік желіде Матраимовты Бішкекке жеткізген фотосуреттер тарап кетті. Бір суретте олигархтың қолына ұшақ бортында кісен салынған. Екінші сурет Бішкек әуежайында түсірілген – ер адамды ұшақтан алып шыққан.

 Матраимовты экстрадициялаудан кейін мемлекеттік арна қызметкерлері одан түсініктеме сұрады. Видеода арнайы жасақ сарбаздарының сұрақтарға жауап беруі үшін оның қолынан ұстап, басын қалай көтергенін көруге болады.

23 наурызда Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Бішкекте Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталғанын хабарлады. Комитет олардың барлығы Әзербайжаннан келгенін қосты. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Матраимовтың ұсталғандармен байланысын анықтағанын мәлімдеді.

Одан кейін құзырлы орган іздеуде жүрген қырғыз олигархы Райымбек Матраимов Әзербайжан астанасы Бакуде жүргенін хабарлаған еді.

2024 жылдың қаңтар айының соңында Райымбек Матраимовқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті іздеу жариялап, оның миллиардтаған сомдық жылжымайтын мүлкін мемлекет меншігіне өткізген.

Фото: КирТаг

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу