Қырғызстандағы митингіде 19 полиция жарақаттанған

Malim Админ

  • 03.03.2020

Қырғызстанда дүйсенбі күні болған наразылық шеруінде жарақат алып, зардап шеккендердің саны 22-ге жетті деп хабарлады Қырғыз денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 адамның 19-ы күштік құрылым өкілдері.

«Бішкек қалалық денсаулық сақтау ұйымдарында 22 адам (3 қарапайым тұрғын, 19 кұштік құрылым қызметкерлері) медициналық көмекке жүгінген, - делінген хабарламада. Бұдан сәл ертерек жарақат алғандар саны 19, оның 18-і полиция қызметкерлері екені айтылған.

Соңғы мәліметке сәйкес, митинг кезінде жарақат алғандардың 21-і үйлеріне қайтарылған. Ал, бір полиция қызметкері Ұлттық госпитальға жатқызылған. Оған миы шайқалған, мойын омыртқасына зақым келген  деген диагноз қойылған.

Еске салсақ, кеше Бішкек түрмесінде отырған саясаткер Садыр ЖАПАРОВТЫҢ жақтаушылары митингіге шығып, тұтқындағы экс-депутатты босатуды талап еткен. Ала-Тоо алаңында болған митингке қатысты Қырғыз президенті баспасөз қызметі биліктің наразы топ қойған талаптарды қарастыратынын хабарлағанмен, жиналғандар тарай қоймады. Осыдан кейін ішкі әскер митингіге шыққандарды алаңнан күштеп қуып, су атқыш, көзден жас ағызатын газ қолданған. Дегенмен, соңыра дәрігерлерге шағымданған бір қыздың резиналы тапанша оғынан жарақат алғаны анықталды. Ал, Жапаровтың жақтастары полицияға тас лақтырып, қоқыс жәшіктерін өртеп қарсылық көрсеткен.

Мәліметтерге сәйкес, Ала-Тоо алаңына 800-ге жуық наразы келген.

Фото: sputnik.kg

Байланысты жаналықтар

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

31.03.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

31.03.2025

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

27.03.2025

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі маңызды мәлімдеме жасады

23.03.2025

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталғаннан кейінгі жаппай наразылық жалғасып жатыр

20.03.2025
MalimBlocks
Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Шекара туралы құжат: Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері кездесті

Тәжікстанның Хожант қаласында Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров, Шавкат Мирзияев және Эмомали Рахмон кездесті

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі маңызды мәлімдеме жасады

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталғаннан кейінгі жаппай наразылық жалғасып жатыр