Қытай консулдығы алдындаға пикет: "Күйеуімді Қазақстан тыңшысы деп 13 жылға соттады"

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 08.02.2021

Алматыдағы Қытай консулдығы алдында бірнеше әйел Қытайда қамауда отырған туыстарын босатуды талап етіп, қарсылық акциясына шықты.

Наразылық акциясына қатысушылардың бірі Нұржас Ермекбайқызының сөзінше, ағасы Бірлесбек Ермекбайұлын имам болғаны үшін қамауға алған. Қытайдағы саяси қудалауларға байланысты туған-туыстарын көрмегеніне бес жыл болған.

«Ағам Бірлесбек Ермекбайұлын имам болғаны үшін 12 жылға сотталды. Оны өздері оқытып, өздері имам ретінде сайлап отырып, 12 жылға соттады. Өзімнің туған-туысымды көрмегеніме бес жыл болды. Қытайдың геноцид саясаты басталғалы бері хабарласа алған жоқпын. Ағамды 2018 жылдың 10 айының соңында алып кетті деп естідім», - дейді Ермекбайқызы.

Фарида Қабылбек күйеуі Рақыжан Зейнолланың 17 жылдан бері Қытайда қамауда отырғанын айтады. Қытай билігі жұбайын 2004 жылы «Қазақстан тыңшысы» деп 13 жылға соттаған. Төрт бірдей немересі әлі күнге дейін атасын көрмеген.

«Күйеуімді (Рақыжан Зейнолланы – ред) 2004 жылы Қазақстанның шпоны деп 13 жылға соттады. 2017 жылы түрмеден шыққан бойда қайтадан 1 жыл 4 ай лагерьге жатқызды. Жалпы 17 жыл болды. Недеген масқара мынау. Недеген сұмдық. Сонда біз қазақ не істеп отырмыз? Балаларым 17 жылдан бері асыраушысынсыз өсіп жатыр. Қазір 4 немерем бар, атасын әлі көрген жоқ», - дейді Фарида Қабылбек.

Күзетшілер наразыларға конулдық бүгін жұмыс істемейтінін айтып, оларды ғимаратқа жақындатпады. Өзін қалалық әкімдік өкілімін деп таныстырған Рита Ерманова наразыларға бейбіт жиындарды рұқсатсыз өткізу заңсыз екенін ескертіп, акцияны тоқтату қажеттігін айтты. Бірақ акцияға қатысушылар ол талапты орындаудан бас тартты. Олар «Қытай геноцид саясатын тоқтатсын», «Туыстарымызды жібер» деп ұрандатып, «Қытай билігі туыстарымызды босатпайынша консулдық алдына наразылыққа шыға береміз» деді.

Байланысты жаналықтар

Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

20.05.2025

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025
MalimBlocks
Сот жүйесіндегі реформалар заң мен тәртіпті нығайтады  

Тоқаев билігінің алғашқы кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге бағытталған арнайы ұлттық стратегиялық жоспарды қабылдады

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Алматы маңында тағы да жер сілкінді