Ресей пропогандасы ең ақылды адамдарға да әсер ете бастады – Украина Илон Маскпен келіспейді

Илон Маск Украина-Ресей соғысы туралы "сценарий" ұсынып, көпшілік дауысқа салған.

  • 05.10.2022
Миллиардер Илон Маск / Фото: rua.gr

Әлемдегі ең бай адам, америкалық миллиардер Илон Маск Украинадағы соғысты тоқтату туралы жазба жариялап, өз сценарийін көпшіліктің талқылауына салды.

Ол Ресей басып алған Украина аумағында қайтадан референдум өтуге тиіс. Әрине, БҰҰ-ның бақылауы аясында. Сөйтіп, жергілікті халық өзі таңдау жасап, Украинаны таңдаса, Ресей әскерін алып кетуге тиіс. Ал, Қырым Ресейде қала береді. Илон Маск соғыстың осылай аяқталатынына сенімді. Ядролық соғысты болдырмаудың бір жолы осы келісім дейді.

Оның бұл болжамымен көпшілік келіспейтінін білдірген. Түндегі көрсеткішке сәйкес, миллионға жуық сауалнамаға қатысқандардың 37 пайызы оның «сценарийін» қолдаса, 63 пайызы қарсы болған.

Бір қызығы, Илон Масктың  сауалнамасынан кейін Украина ресми түрде мәлімдеме жасады. Укранина президенті офисі жетекшісінің кеңесшісі Михаил Подоляк Масктың тезистеріне мүлде кереғар сценарий ұсынды. Ол Украинаның Қырымды қайтаратынын, Ресей жеңіліп, демилитаризация арқылы ядролық қаруынан айрылады, соғысты бастағандар сотталатынын жазды.

Украинаның экс-президенті Петр Порошенко да «Ресей пропогандасының ақылды адамдарға да әсер ете бастағаны мұңға батырады», деп жазды.

Украина президенті Володимир Зеленский өз телеграм арнасында «Сізге қай Илон Маск ұнайды?» деген сауалнама жолдады. Жауап нұсқасы екі түрлі: «Украинаны қолдайтын Илон Маск па?»; «Ресейді қолдайтын Илон Маск па?» Бұл сауалнамаға қатысқандардың түгелге жуығы (85%) бірінші нұсқаны таңдаған. 15 % қатысушы Ресейді жақтайтын Маскты таңдаған.

Осы кезде ресейшіл тарап Илон Маскке ризашылық білдіріп, тіпті, оны БҰҰ тқрағасы етіп тағайындау керек деген «бастама» да көтерді.

Илон Маск осы сауалнамасынан кейін оның твиттер арнасында бот-қолданушылардың шабуылы үдегенін хабарлады.

Байланысты жаналықтар

Зеленский: Украина Ресейге көмектесіп жатқан елдерге қарсы санкциялар әзірлеп жатыр

04.05.2025

Зеленский Қырымды Ресейге беруге дайын - Трамп

28.04.2025

«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

27.04.2025

Трамп Зеленскийдің Қырым туралы мәлімдемесіне наразы

23.04.2025

WSJ: АҚШ Украинаға Қырым Ресейдің құрамына кіретінін мойындауды ұсынған

21.04.2025

АҚШ билігі Қырымды Ресей жері деп тануға дайын

19.04.2025
MalimBlocks
Зеленский: Украина Ресейге көмектесіп жатқан елдерге қарсы санкциялар әзірлеп жатыр

Зеленский Қырымды Ресейге беруге дайын - Трамп

«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

Трамп Зеленскийдің Қырым туралы мәлімдемесіне наразы

WSJ: АҚШ Украинаға Қырым Ресейдің құрамына кіретінін мойындауды ұсынған

АҚШ билігі Қырымды Ресей жері деп тануға дайын

АҚШ Қырым Мәскеу мен Киев арасындағы кеңейтілген бейбіт келісімнің бір бөлігі болса, онда оны Ресейдің бір бөлігі ретінде мойындауға дайын екенін айтты