Ринат Зайытов тапсырманы уақытында орындамайтын министрлерге шүйлікті

Депутат жайлы мектептер мәселесін қозғады

Сабина Асқарқызы

  • 30.10.2024

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ринат Зайытов Үкімет басшысы Олжас Бектеновке сауал тастап, президенттің тапсырмасының неліктен орындалмай жатқанын сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Жалпы министрлер кабинетінде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 400 жайлы мектеп салынуы керек еді. Оның саны 369-ға түсіп, 157-не әлі ақша жоқ болып отыр. 2024 жылдың сәуірінен бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңге мөлшерін ұлғайту керек еді. Бұл да мемлекет басшысының тапсырмасы. Кеше экономика министрінің айтуынша, қозғалыстар жоқ. 2025 жылға дейін 95 пайыз жергілікті жолдардың бәрі жөнделуі керек еді. Бұл да іске асуы неғайбыл екеніне келісетін шығарсыздар. Тағысын тағы. Жетіп жатыр. Елге берген, бізге берген уәделерді айтып, ешкімнің бетін қызартпай-ақ қояйын. Осы орайда сұрақ: министрлер кабинетінде сөздің бәтуасының болмауының себебі неде? Сіздің осының алдын алу үшін қандай жоспарыңыз бар? – деп сұрады Ринат Зайытов.

Ал Олжас Бектенов Үкіметтің жұмысы – мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталғанын айтты. Бюджетті қараған кезде 32 трлн теңгеге өтінімдер түсті. Бірақ қолымызда бар қаражат 15-ақ трлн теңге деп отыр. Қолымыз байлаулы, осы ақшаның шеңберінде жұмыс істеп жатырмыз деп ақталды.

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады

30.04.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады