Сағынтаевтың кеңесшісі жаңа қызметке тағайындалды
Алматы әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВТЫҢ өкімімен қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы болып Наталья ЛИВИНСКАЯ тағайындалды. Бұл туралы Мәлім кз сайты хабарлайды.
Бұған дейін Наталья Ливинская қала әкімінің кеңесшісі болған. Басқарманың жаңа басшысы екі бірдей жоғарғы оқу орнын аяқтапты. Халықаралық қатынастар магистрі. Еңбек жолын жеке компанияда жоба жетекшісі болып бастаған.Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқытушы болып қызмет атқарды.
2013 жылдан бері мемлекеттік құрылымдарда қызмет етіп келеді.«Алматы даму орталығы» АҚ-да маман, қалалық урбанистика және қаланы жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болған.
Фото: tengrinews.kz