Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек – Тоқаев

Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады

Malim Админ

  • 26.01.2023

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында  айтты, деп жазады BAQ.KZ порталы.      

Бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталады. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл – қалыпты демократиялық үдеріс. Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды. Заңға қайшы келмейтін барлық іс-әрекетке рұқсат беріледі. Дегенмен, бір нәрсені бәріміз қаперде ұстауымыз керек. Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек. Тағы да айтқым келеді: үміткерлер қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болғаны жөн. Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізеді. Әрбір отандасымыз осыны дұрыс түсінуге тиіс, - деді Президент.

Ол болашақ алдында барлығы бірдей жауап беретінін айтты.

Плюрализм мемлекетті эволюциялық жолмен дамытуға мүмкіндік береді. Бізде саяси көзқарасы әртүрлі партиялар бар. Кандидаттардың түрлі мәселе бойынша ұстанымдарының бірдей болмауы да заңды құбылыс. Бірақ, көзқарастары мүлде қабыспайтын ымырасыз қарсыластардың өзіне ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің қасиетті Отанымыз және қастерлі Тәуелсіздігіміз. Мен бұл туралы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаламда айттым. Өйткені, Тәуелсіздік үшін күрес күнделікті еңбекпен және елдік саясатпен тығыз байланысып жатыр. Болашақтың алдында бәріміз бірдей жауап береміз. Кейінгі ұрпақ кімнің саяси ұстанымы қандай болғанына мән береді. Аға буынның оларға қандай мемлекетті мирас еткеніне қарап, бүгінгі күнін бағалайтын болады. Сондықтан, біз ортақ мақсат жолында бірігуіміз керек, - деді Мемлекет басшысы.  

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мажарстанға барады

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады