Сайлауға қоғам белсенділері де қатыса алады – экс-депутат

  • 19.01.2023
Б.Жанділдаев / Фото: El.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін тоқтату туралы Жарлыққа қой қойды. Жаңа Жарлық бойынша, жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін таратылып, кезектен тыс сайлау мерзімі 19 наурызға бекітілді.

Астана қаласы мәслихатының депутаты болған Бақдәулет Жанділдаев бұлай болатынын бәріміз білдік дейді.

«Президенттің Жарлығы жақын арада шығатынын барлығымыз білдік. Ол өзінің Жолдауында депутаттар сайлауы 2023 жылдың бірінші жартысында өтетінін атап өткен болатын. Алдағы сайлау қызықты әрі тартысты өтпек. Сайлауға тіркелген 7 партияның өкілдері ғана емес, қоғам белсенділері де қатыса алады. Олардың сайлауалды бағдарламалары мен азаматтардың мәселелерін шешу бойынша кім қандай ұсыныс білдіргені ескерілетін болады», – дейді ол.  

Жанділдаев тартысты өтетін сайлауда депутат болып халықтың жағдайын түсінетін адамдар тағайындалуы керек деп есептейді. Және сайлаудан кейін жаңа өзгерістер болады деп күтеді екен.

«Депутаттыққа бірінші кезекте халықтың жан айқайын билік өкілдеріне, атқарушы органдарға жеткізіп, соны шешу жолында еңбек ететін адам қажет. Алдағы сайлаудан кейін елімізде біраз өзгерістер енетіні сөзсіз. Халықтың арасында белсенділік танытып жүрген, бірақ ешбір партияның құрамына енбеген қоғам өкілдері мажоритарлық сайлау жүйесінің арқасында сайлаудан өте алады деп ойлаймын», – дейді экс-депутат.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

18.04.2025

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

18.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

18.04.2025

Президент ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

17.04.2025

Тоқаев митрополит Александрды марапаттады

17.04.2025

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

17.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Президент ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА төрағасының орынбасарларын қабылдады

Тоқаев митрополит Александрды марапаттады

Тоқаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.