Сапарбаев: «Карантин сайлауға кедергі болмасын»

Malim Админ

  • 09.12.2020

Жамбыл облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау мәселелері бойынша облыстық штабтың отырысы өткен.

Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерінің сайлауға дайындық жұмыстарын сынаған. ​«Сайлаушылардың тізімі толығымен қалыптаспаған. Жергілікті жерлерде түгендеу жұмыстарын жүргізу керек», - деген облыс әкімі.
Маңызды мәселе – сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық базасы. Тараз және бірқатар ауданда учаскелердің бәрі бірдей интернетпен, бейнебақылау камераларымен, пандустармен қамтылмаған.

«Егер облыс орталығындағы сайлау учаскелері 100% дайын болмаса, онда аудандар туралы не айтуға болады? Үш жағдай бойынша да Қордай ауданы артта қалып отыр. Шу және Т.Рысқұлов аудандарындағы жағдай да көңіл көншітпейді. Барынша қысқа уақытта осы олқылықтардың барлығын жою қажет және мүмкіндігі шектеулі жамбылдықтардың сайлау құқығын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару керек», - деген  аймақ басшысы. Жамбыл облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нейля Муликова қазір сайлау учаскелерінің санитарлық талаптарға сәйкестігі тексеріліп жатқандығын айтты. «Карантин шектеулері азаматтардың ел Конституциясында кепілдендірілген дауыс беру құқығын жүзеге асыруына кедергі болмауы тиіс. Дегенмен сайлаушылар, комиссия мүшелері мен бақылаушылар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек. Ол үшін аудандарда қажетті жағдайлар жасалынуы қажет», — деді облыс әкімі. Сондай-ақ, штаб мүшелері әр сайлау учаскесінде медициналық бекеттер ашу, ем алып жатқан науқастардың дауыс беруіне қатысты мәселелерді талқылады. Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов сайлау кезінде мыңнан астам полицей заңдылық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететінін жеткізді.

Байланысты жаналықтар

Президенттің сайлау жүйесіндегі саяси реформалары жастарға жол ашты

12.11.2023

Қадыров Путинді сайлау өткізбей-ақ президент етуге шақырды

09.10.2023

«Аманат» мүшесі әкім сайлауы әділ өтетініне сенбейді

02.10.2023

Как удержать казахстанцев от соблазна взять кредит, придумали депутаты

27.09.2023

Шавкат Мирзияев Өзбекстан президенті болып қайта сайланды

10.07.2023

Сайлау жүйесіндегі өзгерістер жаңа бастамаларға серпін берді

25.06.2023
MalimBlocks
Президенттің сайлау жүйесіндегі саяси реформалары жастарға жол ашты

Қадыров Путинді сайлау өткізбей-ақ президент етуге шақырды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров келесі жылдың наурыз айына белгіленген Ресей президенті сайлауын өткізбеуге шақырды. Бұл ойын ол Грозный орталығында Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне арналған шарада айтқан.

«Аманат» мүшесі әкім сайлауы әділ өтетініне сенбейді

Алдағы айда өтетін аудан әкімдері сайлауы «Аманат» партиясының берекесін кетіретіндей. Неге десеңіз, қазірдің өзінде «Аманат» партиясының мүшелері сайлаудың әділ болмағына күмән келтіріп жатыр. Жалпы, билік партиясының өкілдері бұрын-соңды сайлауға келгенде әділетсіздік көрмейтін.

Как удержать казахстанцев от соблазна взять кредит, придумали депутаты

Депутаты мажилиса одобрили в первом чтении законопроект по вопросам информационной безопасности. Документ содержит норму, закрепляющую возможность установить добровольный отказ от получения кредитов и микрозаймов.

Шавкат Мирзияев Өзбекстан президенті болып қайта сайланды

Өзбекстанда 9 шілде күні өткен президент сайлауында елдің қазіргі басшысы Шавкат Мирзияев жеңіске жетті.

Сайлау жүйесіндегі өзгерістер жаңа бастамаларға серпін берді