Сарапшы: Иран мен Ливан халқы соғысты қолдамайды

Вашингтонның Таяу шығыс саясаты жөніндегі институтының сарапшысы Мэттью Левитт Ливан мен Иранда неліктен соғысты толыққанды қолдамайтыны туралы айтты.

  • 06.08.2024

«Иран мен оның уәкілетті құрылымдары ХАМАС-тың көшбасшысы Исмаил Ханияны өлтіруге қатысты оқиғаға жауап береді». Вашингтон Таяу Шығыс саясаты институтының өкілі Мэттью Левитт осылай деп пікір білдірді. Алайда мәселенің қалай және қашан екені әзірге сұрақ күйінде тұр. Ханияның өліміне Тегеран тікелей Тель-Авивті кінәлағанымен, Израиль тарапы мұны растап я жоққа шығармады.

«Сізге бұл жағдайға жауаптың қалай болатынын айтқан кез келген адам нақты ештеңені білмейді. Бірақ міндетті түрде жауап болады. Бұған күмән жоқ. «Хезболла» исламшылдар тобы Израильге де соққы беретінін айтып отыр. Бірақ көптеген ливандықтар мұндай соғыстан қорқады. «Хезболла» үшін экономикалық және саяси дағдарысқа түсу Ливан халқының соғысты толыққанды қаламайтынын байқатты. Бұл Ливан үшін қазіргіден де нашар жағдайға әкелетіні анық. Жергілікті халық мұны толық түсінеді», - дейді Мэтью Левитт.

Еuronews-тің жазуынша, сарапшы Иранда да ауқымды соғысқа ешкім ұмтылмайтынын алға тартқан.

«Парсы халқы Иранның шекарасына дейінгі соғысты қаламайды. Себебі, Израильдің нақты мүмкіндіктері бар екенін түсінгендіктен ғана емес, бұл елдің АҚШ пен басқа елдерде де одақтастары барын түсінгендіктен солай ойлайды. Иран Тегеранда мұндай нәрсе ішкі алауыздықты тудыруы мүмкін деп қорқады. Әрі адамдарды да кеңінен ойлануға мәжбүр етеді. Бұл тіпті мемлекеттік режимді құлатуы да мүмкін», - деді Мэттью Левитт.

Ал АҚШ тарапы Тегеранға аймақтағы жағдайдың шиеленісуін Иранның мүддесі үшін емес екенін ескертті.

Фото: Еuronews

Материал Еuronews мақаласы негізінде аударылды 

Байланысты жаналықтар

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

01.04.2025

Илон Маск Ақ үйден кететін болды

01.04.2025

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

31.03.2025

Пентагон 76 мың қызметкерді жұмыстан босатады – БАҚ

30.03.2025
MalimBlocks
Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

Илон Маск Ақ үйден кететін болды

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараға қатысты келісімге қол қойды

Пентагон 76 мың қызметкерді жұмыстан босатады – БАҚ