Сәтбаевтағы жанжал бойынша үкім оқылды

Malim Админ

  • 14.05.2021

Сәтбаевтағы жанжал бойынша айыпталушыларға сот үкімі шықты.

Бүгін Қарағанды облыстық ювеналдық соты былтыр Сәтбаев қаласында болған жанжалға байланысты үкім оқыды. Сот шешімі бойынша, тоғыз айыпталушы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын орташа төтенше қауіпсіздіктегі түзету мекемесінде өтейді. 44 айыпталушы 4 жылға, екі айыпталушы 1,5 жылға шартты жазаға кесілді.

Сатбаевтағы жанжалға байланысты 57 адамға айып тағылған. Екі адамға ідеу жарияланған. Олардың ісі бөлек тергеліп жатыр. Төрт адам "жаппай бассыздық ұйымдастырды" деп, екі адам "жаппай бассыздыққа шақырды" деп, 51 адам "төбелеске қатысты" деп айыпталған. 42 сотталушыға "билік өкіліне күш көрсетті" деген қосымша айып тағылған. Сотқа тартылғандар арасында екі жасөспірім мен алты әйел бар.

2020 жылдың шілде айында Сәтбаевта «62 жастағы ер адам кішкентай қызды ұрлап әкетіп, зорлады» деген ақпарат тараған. Кейіннен қалада жаппай тәртіпсіздік болған. Күдікті тергеу изоляторында асылып қайтыс болған. Полиция «ол өз-өзіне қол жұмсады» деген қорытынды жасаған. Қазір ерлі-зайыпты екі адам «адам ұрлады», «зорлады», «жыныстық сипатта зорлық-зомбылық жасады» деген күдікпен қамауда отыр. Олардың соты жабық режимде өтуде.

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды