457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сирия бойынша келіссөздер Нұр-Сұлтанда жалғасады

Сирия бойынша Астана процесінің 19-шы кездесуі 2022 жылдың екінші жартысында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бұл туралы бүгін елордаға келген Иран, Ресей және Түркия өкілдері бірлесіп мәлімдеді.

«Біз Астана форматындағы бақылаушылар ретінде Иордания, Ирак және Ливан делегацияларының, сондай-ақ БҰҰ мен ХҚКК өкілдерінің қатысуына қанағаттанамыз. Нұр-Сұлтанда Астана форматында Сирия бойынша 18-ші халықаралық кездесуді өткізгені үшін Қазақстан билігіне шынайы алғыс білдіреміз. Сирия бойынша Астана форматындағы 19-шы халықаралық кездесуді осы жылдың екінші жартысында Нұр-Сұлтанда өткізуге келістік», - делінген мәлімдемеде.

Қорытынды құжатта кепілгер елдер Астана форматында министрлердің келесі кездесуін ұйымдастыру ниеттерін растады. Бұдан бөлек, Түркия, Ресей мен Иран арасындағы үшжақты саммит Тегеранда өтетін болды.