457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Словения президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

31 наурыз-1 сәуір күндері Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді

31 наурыз-1 сәуір күндері Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді.

Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді.

Фото: Luka Dakskobler/SOPA Images/LightRocket via Getty Images