Сот Мамайды Байбек туралы фильмді өшіріп, терістеме беруге міндеттеді

Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 соты бүгін Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектің белсенділер Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваның үстінен түсірген шағымы бойынша шешім шығарды. Судья Сартаева Бауыржан Байбектің арызын қанағаттандырып, Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваны Бауыржан Байбек жайлы фильмін өшіруге және терістеме беруге міндеттеді.
Сот Байбекті жемқорлық жасады деп айыптаған фильмдегі мәліметтер шындыққа жанаспайды деп тапты. Сот Жанболат Мамай мен Инга Иманбаева сот шешімі күшіне енген соң он күннің ішінде Youtube-тегі арнада терістеме беріп, сот шындыққа жанаспайды деп тапқан мәліметтері бар видеоны өшіруге үкім етті. Атап айтқанда, сот Байбек Алматы әкімі болып тұрғанда мафиоз-жемқорлық құрылым құрып, "Қазақфильмнен" 5,5 га жерді тартып алды, Көктөбе маңы мен элиталарға арналған дачалар үшін ағаштар заңсыз оталған Көкжайлауда құрылыс жүргізді, Esentai city құрылысы үшін алма бағын сатып, осы кешеннен сыйлыққа пәтер алды, "Атакенттегі" құрылыс пен ақылы көлік тұрағы үшін мемлекеттің жерін берді, Zhongtong bus келісімшартынан 11 миллион доллар пара алды деген мәліметтерді шындыққа жанаспайды деп тапты.
Сондай-ақ сот Жанболат Мамай мен Инга Иманбаеваның әрқайсысынан шағым түсіруші тараптың сотқа кеткен шығынын өтеу үшін 438 201 теңге өндіруге үкім етті.
Жауапкер тарап сот шешімінің үстінен апелляциялық шағым түсіре алады.
Жанболат Мамай сот шешімімен келіспейтінін, видеода айтылған мәліметтерді дәлелдегенін жеткізді.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Дело Данебаева: адвокаты заявили отвод судье
Адвокаты подсудимого Тимура Данебаева, обвиняемого в разжигании межнациональной розни, заявили отвод судье Алматинского районного суда № 2 Гульжахан Убашевой. Данебаев известен тем, что в прошлом году подавал заявление в полицию на Касым-Жомарта Токаева. Он посчитал, что президент, заявив о нападении на Алматы «20 тысяч террористов», распространил недостоверную информацию.
Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімге жаңа айып тағылды
25 тәулікке қамалған тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімге жаңа айып тағылды. Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше, журналиске ҚР ҚК 258-бабы «террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік» бойынша айып тағылған»,- деп хабарлайды Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы.