"Шымкентке инвестиция керек"

Malim Админ

  • 28.01.2021

Шымкенттегі ипподромға қатысты дау басылмай тұр. Тұрғындар ипподромға BI Group компаниясының тұрғын үй салуына қарсы, ал қала әкімдігі Шымкентке инвестор тарту керек дейді.

Шымкенттегі ипподром орнына құрылыс жүргізуге қарсы белсенді Ғалымжан Оразымбет Facebook-тегі өзінің парақшасында құрылысты жақтайтындардың аргументтерін жоққа шығарды. Ғалымжан Оразымбет Facebook-тегі жазбасында құрылысты жақтаушылар түрлі манипуляцияға көшкенін тізген. Мысалы, BI Шымкентке 135 миллиард теңге инвестиция әкеледі деген уәждің күл-талқанын шығарды. " Жақтаушылар сол 135 млрдтың бәрін Шымкент бюджетіне қотарып тастап, қалағаныңша жарат дейтіндей көрсеткісі келеді. Жоқ. Ол сол жобаның тұтас сомасы. Одан Шымкентке таматынын нақты көрсетіп берген ешкім жоқ әлі. 2. БиАй келсе, қала бюджетіне пәлен млрд салық төлейді-міс(нақты айтқан ешқайсын көрмедім әлі. Тек біреу 15 млрд деген бір "зерттеуінде". БиАйдың тіркелген жері Астана. Ал бізде салықты компаниялар тіркелген жерінде төлейді, қателеспесем. Демек, біз күтіп отырған нығметтер Астана бюджетіне кетуі мүмкін. Қателесуім де мүмкін. Нақты білетіндер жазып жіберсе, сауатым толығып қалар еді. Қазірге біздің бюджет сол құрылыстан пәлен млрд салық ала қояды дегенге сенбеймін. Сосын, kgd.gov.kz кіріп, БиАйдың әр жылдары төлеген салықтарын қарап шығыңыздар. Бәрін қосқанда қанша млрд болады екен, млрдқа жетсе", - дейді Ғалымжан Оразымбет.

Ипподромға қарсы белсенділер ипподромның көшірілуіне емес, ипподром тұрған жердегі жасыл желектің оталуына, оған құрылыстың жүргізілуіне қарсы екенін әрбір жазбасына қадап айтып жүр.

Ал енді бұған Шымкент әкімдігі не дейді? Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан өз парақшасында  ипподром төңірегіндегі талқы өзіне ұнап жатқанын жазды. Дотацияда отырған Шымкент қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматы тәрізді өзін-өзі қамтуы үшін инвестиция керек дейді әкім орынбасары.

"Ашық қоғам осылай қалыптасса керек. Әркім өз ойын ашық айтып жатыр. Келіссек те, келіспесек те, кетіспейік. Кез келген байсалды дискуссия адамдар туралы емес, мәселе төңірегінде өрбігені жөн. Сонда тақырып ашылады.

Қойылған сұрақтарға барынша жауап бердім. Ешкімнің атын атап, жеке басына тиіспедім. Коммент жазушылардан да соны сұраймын. Айтылған уәжге қарсы аргумент болса, марқабат.

BI Group компаниясының сойылын соқты деп жазғырмағайсыздар. Әкімдік үшін әр бизнес, әр инвестор құнды. Бизнес төлейтін салықтың арқасында мемлекет құрып, тұтастығын сақтап, әлеуметтік мәселе шешіп, мектеп салып балаларымызды оқытып, емхана салып науқастарды емдеп, әлеуметтік топтарға баспана салып, жол жөндеп жүрміз.

Өкінішке қарай, Шымкент қаласы дотацияда отыр. 400 млрд теңгеден астам қала бюджетінің жартысын орталықтан алып отырмыз.

Шымкент сияқты мегаполистердің - Нұр-Сұлтан мен Алматының бюджеті бір триллионнан асады және өз-өздерін толық қамтып отыр. Демек, көп мәселе ол қалаларда тезірек шешіледі.

Миллион халқы бар Шымкенттің қаржысын да оған жеткізу үшін қалаға біраз инвестиция тарту керек.

Келем деп тұрған да инвестор көп емес. Көп болса, Шымситиді салып тастамай ма? Басталғанына бес жыл болды. Онда мемлекеттің үйінен басқа үй салынып жатқан жоқ.

Онымен бірге қалада бірнеше жылдан бері газ тапшы, электр қуаты тапшы, кәсіпорындарға “техусловие” бере алмай отырмыз.

Әкіміміз Бозарықтағы 2023 жылы аяқталуға тиіс АГРС пен қосалқы станцияны жуырда бітіру үшін жанталасып жатыр.

Энергоресурс мәселесі шешілсе, әлеуетті инвесторларды үдете шақырамыз.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамаларын қолдауға шақырамын", - дейді әкім орынбасары.

 

 

Байланысты жаналықтар

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

19.09.2023

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

18.09.2023

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

15.09.2023

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

15.09.2023

Саяси реформалардың жарқын көрінісі

14.09.2023
MalimBlocks
Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

Аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев объявил войну коррупционерам, причем бесплатно - силами местных жителей.

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

Мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлады

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

Eлiңнiң қaндaй зaңы бap, мeмлeкeт қaндaй тәpтiптi бaсшылыққa aлaды, oғaн бaс қaтыpмaйды

Саяси реформалардың жарқын көрінісі