Тағы бір шенеунік шекарадан қашып өтпекші болды

Биыл мамырдан бастап қылмыстық қудалау органы шенеунікті елден кетпеуге міндеттеген

Malim Админ

  • 11.09.2023

Қылмыстық құқықты бұзды деп айыпталған Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының басшысы Мәди Отарбаев Қазақстан шекарасынан өтіп кетуге тырысты. Бұл жөнінде сот материалдарында айтылды.     

Отарбаевқа ҚР Қылмыстық кодекстің  «ауыр зардапқа әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» бабы  бойынша айып тағылды. Биыл мамырдан бастап қылмыстық қудалау органы шенеунікті елден кетпеуге міндеттеген.  3 тамызда түн ортасында болған оқиғадан кейін сот оған бұлтартпау шарасын қамауда ұстауға өзгертті. 

«М.Ж. Отарбаев өзіне қатысты сайланған бұлтартпау шарасын бұзып, соттан жасырынуға тырысты (сотқа 03.08.2023 жылғы ШҚО бойынша "Қордай" шекара бекеті арқылы Қырғыз Республикасына шекараны кесіп өту әрекетінің жолын кесу туралы М.Ж. Отарбаевтың баянаты 03.08.2023 жылғы сағат 00:57-де берілді). Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген ауыр қылмыстар санатына жататын қылмыс жасады деп айыпталды. Сот прокурордың сотталушы М.Ж. Отарбаев сотта істі қарауға не кедергі болатынын жасыруы мүмкін, осыған байланысты оған қатысты сайланған бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңдыққа өзгертуге жатады деген пікірімен келіседі», - делінген сот қаулысында. 

Мәди Отарбаевтың өзі және қорғаушысы бұлтартпау шарасын бұрынғы күйінде қалдыруды сұрады. Сотталушы отбасылық және денсаулық жағдайы бойынша Бішкекте тексеруден өткісі келгенін, басқа ниеті болмағанын айтып сендірді. БҚО әкімдігі сайтының мәліметінше, 55 жастағы Мәди Отарбаев әлі де  басшы лауазымында отыр.

Байланысты жаналықтар

БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

01.04.2025

Тергеу жүріп жатыр. БҚО-да құлаған дрон кімге тиесілі?

27.03.2025

Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады  

18.03.2025

Батыс Қазақстанда дрон құлады

19.02.2025

Батыс Қазақстан облысында екі баладан метапневмовирус анықталды

06.01.2025

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

02.12.2024
MalimBlocks
БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

Тергеу жүріп жатыр. БҚО-да құлаған дрон кімге тиесілі?

БҚО-ның Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері табылды. Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр

Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады  

Батыс Қазақстанда дрон құлады

Батыс Қазақстан облысында екі баладан метапневмовирус анықталды

Мамандар сақтық шараларын ұстануды сұрайды

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

Бірнеше өңірде тұман түседі