"Тәуелсіз бақылаушыларды белгісіз бақылаушылар бақты"

Елнұр Бақытқызы

  • 11.01.2021

"Ары-бері жүрме, "аквариумда" отыр, сурет пен видеоға түсірме". "Еркіндік қанаты" қоғамдық қорының бақылаушылары бүгін өткен онлайн брифингіде сайлау күні болған заңбұзушылықтарды тізді.

"Еркіндік қанаты" қоғамдық қорының төрағайы Елена Швецова ұйым атынан сайлауда бақылауға куәлік алған бақылаушылар түрлі кедергіге тап болғанын мәлімдеді. Ең алдымен кейбір сайлау учаскелерінің комиссия төрағалары ұйым жарғысына шүйліккен. Осы себепті сайлау күні түске дейін біраз бақылаушы учаскеге кіре алмай қалған. Ұйым үйлестірушілері бүкіл құжатты жинап, сайлау учаскесіне жеткен соң, сайлау комиссиясының төрағалары бақылаушыларды учаскелерге кіргізген.

Сондай-ақ көптеген сайлау учаскелерінде бақылаушылар дауыс беру жәшіктеріне көз жетпейтін жерге отырғызылып, аумақ пластик әйнекпен қоршалды. "Бұл "аквариумнан" шығып, заңбұзушылықты фото мен идеоға түсірмек болған  бақылаушыларға сайлау комиссиясының төрағалары ескерту жасаған. Тіпті учаскеден қуып шыққан оқиғалар болған.

Сондай-ақ кей учаскелердегі сайлау комиссиясы тәуелсіз бақылаушыларға сайлаушылар тізімі, учаскеге келген бақылаушылардың аты-жөндері мен ұйымдарын айтудан бас тартқан. "Биыл сайлауға өте көп бақылаушы қатысты. Көпшілігінде бейдждер болған жоқ, сөйтіп, олардың қай ұйымнан келгенін білмедік. Олар біздің бақылаушыларға кедергі келтіріп, қысым жасады. Кешке қарай бақылаушылар сайлау комиссиясының төрағасына шағымданып, "Еркіндік қанатының" бақылаушылары бізге кедергі келтіріп отыр деп шағымданып, полиция шақыртқан", - дейді Елена Швецова.

"Бақылаушылар түрлі арандатуға тап болды. Аты-жөндерін, ұйымдарын айтпаған бақылаушылар арандатушылық жасап, конфликт тудырды. Сайлау комиссиясының мүшелері мұны пайдаланып, тәуелсіз бақылаушыларды учаскеден қуып шыққан", - дейді "Еркіндік қанаты" қоғамдық ұйымының төрайымы.

Сондай-ақ кей сайлау комиссиясының төрағалары "бақылаушы менің талабыма бағынбады" деп акт толтырып, тәуелсіз бақылаушыларды учаскеден қуып жіберген.

"Еркіндік қанаты" қоғамдық қорының заңгері Роман Реймер бақылаушыларды "аквариумге" отырғызып, ары-бері жүруіне шектеу қою сайлауда бірінші рет қолданылған тәжірибе екенін баса айтты. "Нұр-Сұлтан қаласында "аквариумнан" шығып, заңбұзушылықты фото, видеоға түсіруге тырысқан 11 бақылаушы учаскеден қуылды. Аквариумнан шығып, фото, видеоға түсіре бастаған бақылаушыларға қарсы белгісіз арандатушылар жұмыс істеді. Конфликт тудырып, артынша учаскеге полицейлер келіп, бақылаушыларды астанадағы Алматы аудандық ішкі істер бөлімшесіне алып кетіп жатты. Арандатушылар, сайлау комиссиясы мен полицейлер бірігіп жұмыс істеген", - дейді Роман Реймер.

Роман Реймер "тәртіп бұзды", "агрессия танытты" деген себеппен сайлау комиссиясының төрағалары бақылаушыларды учаскеден акт толтырып қуғанын жеткізді. "Біз сайлау учаскелері мен төрағалардың үстінен Орталық сайлау комиссиясына 20 акт жібердік. Сотқа әзірге бір шағым түсірдік, тағы екі шағымды бүгін жібереміз", - деді заңгер.

 

Байланысты жаналықтар

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

22.03.2025

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

27.01.2025

Беларусь Президентін сайлау рәсімі өтті деп танылды

26.01.2025

Бүгін Беларусьта президент сайлауы өтіп жатыр

26.01.2025

Жемқорлық не ауыр қылмыс жасағандар сайлауға кандидат ретінде ұсынылмайды

15.01.2025

Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ – Тоқаев

03.01.2025
MalimBlocks
Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

Беларусь Президентін сайлау рәсімі өтті деп танылды

Бүгін Беларусьта президент сайлауы өтіп жатыр

Бұл елдегі жетінші кезекті президент сайлауы

Жемқорлық не ауыр қылмыс жасағандар сайлауға кандидат ретінде ұсынылмайды

Заң жобасы жұртшылық талқысына ұсынылды

Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ – Тоқаев

Президент депутаттарды жақсы жұмыс істеп жатыр деп ойлайтынын айтты