Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Никол Пашинянға алғыс айтты.

Malim Админ

  • 15.04.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Malim.kz

Шағын форматта өткен кездесуден кейін Қазақстан мен Армения басшылары келіссөзді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Никол Пашинянға алғыс айтты. Сондай-ақ ол Қазақстан Президенті ретінде Арменияға алғаш рет ресми сапармен келгенін атап өтті.

Қазақ-армян әріптестігін жаңа деңгейге көтеруге қатысты бастамаңызды толық қолдаймын. Біз армян халқының терең тарихына, ежелгі мәдениеті мен салт-дәстүріне зор құрметпен қараймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті өзінің Арменияға ресми сапары Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толуына орай өтуінің символдық мәні бар екеніне назар аударды. Ширек ғасыр ішінде екіжақты қатынастардың берік негізі қаланды. Саяси диалог белсенді дамып, үкіметтер мен парламенттер арасында байланыс орнады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өзінің Ереванға сапары Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ықпалдастықты одан әрі дамытудың мейлінше перспективті бағыттарын айқындап берді.

Оның айтуынша, ең өзекті міндет – экономикалық қарым-қатынастарды сапасы мен мазмұны жағынан байыта түсу. Өзара сауда-саттықты ұлғайту үшін азық-түлік секторында, инвестиция, көлік-логистика, IT-индустрия және құрылыс салаларында айтарлықтай резерв бар.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Армениядан қауіпті қылмыскер экстрадицияланды

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

15.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Армениядан қауіпті қылмыскер экстрадицияланды

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды