457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев Түркия президентіне алғыс айтып, хат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға ресми сапары кезінде қонақжайлық танытқаны үшін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Malim.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан президентінің пікірінше, Түркия астанасында өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың бауырластық, өзара сенім және стратегиялық серіктестік рухында дамып, бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді.

«Еліміз Түркиямен БҰҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастықты жоғары бағалайды. Сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институттандыру процесіне тұрақты қолдау білдіргені үшін алғыс айтады», - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, таяуда Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Қазақстан президентін Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Президенттер келіссөз жүргізіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективасын жан жақты талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденімен марапатталды.

Фото: Ақорда