Тоқаев ХОК-тің жаңа президенті Кирсти Ковентриге құттықтау хат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Кирсти Ковентриге Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады

Сұлу Бөлек

  • 23.03.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кирсти Ковентриге Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі. 

"Қазақстан Президенті Зимбабве өкілінің спорттағы айтулы жетістіктерін және мемлекеттік қызметтегі бай тәжірибесін атап өтіп, оның халықаралық олимпиада қозғалысын дамытудағы қызметіне сәттілік тіледі", - делінген хабарламада. 

Кирсти Ковентри туралы не белгілі?

Кирсти Ковентри 1983 жылғы 16 қыркүйекте Зимбабве астанасы Харареде дүниеге келген.

Ол - танымал жүзгіш, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, жақында Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) жаңа президенті болып сайланды. Ол 2025 жылғы 24 маусымда қызметіне кіріседі және бұл лауазымды иеленген алғашқы әйел атанады.

Қазір Ковентри Зимбабве Республикасының спорт, демалыс, өнер және мәдениет министрі қызметін атқарады. Спортшы ретінде ол Африканың ең үздік жүзгіштерінің бірі саналады және Олимпиада ойындарында Зимбабве үшін ең көп медаль жеңіп алған спортшы.

Фото: IOC/Greg Martin

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды